Алматы облысының туризм басқармасының инфрақұрылымды дамыту және туристік жобаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысы, (индекс: 02-1)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Туризм
  • Мәдени-тынығу жұмысы

Қосымша талаптар

әлеуметтік-мәдени  сервис  және  туризм және немесе халықаралық қатынастар

 

Функционалды міндеттер

  1. бөлімнің жұмысын  ұйымдастыру,  бөлімге  жүктелген  міндеттердің орындалуына жауапты;
  2. бөлімдегі қызметкерлердің міндеттерін бөледі және өзара алмастырылуын анықтайды;
  3. облыс аумағында  ішкі  және  сыртқы  туризмді  дамытудың  негізгі бағыттарын анықтайды;
  4. туристік инфрақұрылымды  дамытуға  ықпал  ету  мақсатында  бөлім құзыретінің шеңберінде тиісті ұсыныстарды әзірлеу және ұсынады;
  5. Алматы облысы  аумағында  туристік  қызмет  саласындағы  мемлекеттік саясатты  іске  асыру  және  үйлестіру  бөлім  құзыреті  шеңберінде  жүзеге асырады;
  6. жоғары тұрған  органдарға,  министрліктің  алқа  мәжілісіне,  облыс  әкімі алдындағы отырысқа құжаттар және талдау материалдарын дайындайды;
  7. туризмге қатысты республикалық, өңірлік және облыстық бағдарламалар дайындауға және оны жүзеге асыруға қатысады;
  8. бөлімінің тоқсан сайынғы және жылдық жоспарын дайындайды;
  9. туристік шаралар  жоспарына,  оларды  өткізуге  кететін  шығындар сметасына ұсыныстар енгізеді;
  10. аймақаралық және  ішкі  туристік  байланысты,  облыстың  халықаралық, аймақаралық туристік іс-шараларға қатысуын жүзеге асырады;
  11. туристік қызметтегі  ұйымдастырушылық  мәселелер  бойынша әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
  12. Алматы  облысының  аумағында  туристік  индустрияны,  туристік  қызмет көрсетуді зерттейді, талдайды, болжайды және реттейді;
  13. халықаралық, республикалық,  өңірлік  туристік  іс-шараларға (көрмелерге) қатысады;
  1. туризм саласындағы  мамандарды  қайта  дайындау  мен  біліктілікті арттыру  курстарын  ұйымдастырады  және  өткізеді,  конференциялар  мен семинарлар ұйымдастырады;
  2. туризмді дамыту мен қосымша жұмыс орындарын ашу мақсатында жаңа объектілерді іске қосу  мен  жұмыс  істеп  тұрған  объектілерді  қайта жандандыру бойынша іс-шаралар әзірлейді, ұсыныстар енгізеді;
  3. «Documentolog» АЖ, «Е-Өтініш» АЖ, «Protocol» АЖ, «ИПГО» АЖ және тағы да басқа  бағдарламалары  бойынша  бөлімге  келіп  түскен  құжаттарды қарастырады, орындайды, олардың белгіленген мерзімге сәйкес орындалуын бақылайды;
  4. бөлімнің жұмысына жалпы басшылық пен бақылау жасайды;
  5. салалық  ұлттық  жобалар  мен  мемлекеттік  бағдарламалар  шеңберінде тапсырмаларды орындайды;
  1. Алматы облысында  туристік  кластерлерді  дамыту  бойынша  қызметті жүзеге асырады;
  2. туристік іс-шараларға  бөлінетін  бюджет  қаражатын  тарту  арқылы  келу туризмін  дамыту  үшін  туристік  іс-шараларды,  фестивальдерді,  ақпараттық турларды,  конкурстарды,  слеттерді,  альпиниадаларды,  оқу-жаттығу жорықтарын және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
  3. туризм  саласындағы  халықаралық  келісім  мен  келісім-шарттардың жобасын дайындау мен оны жүзеге асыруды бақылайды;
  1. облыстың туристік имиджін қалыптастыру үшін ақпараттық-жарнамалық басылым жұмысына қатысады;
  2. облыстың туристік  әлеуетін  арттыру  үшін,  оның  ішінде  халықаралық туристік көрмелерде, жәрмеңкелерде инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізеді;
  3. туризм  саласындағы  халықаралық  инвестициялық  жобаларды  жүзеге асырылуын қадағалайды;
  1. туризм саласын дамытудағы сыртқы мемлекеттерден инвестиция тарту, ғылыми-техникалық, инновациялық бағыттарды  және  болжамдарды дайындауға қатысады;
  2. облыс көлемінде  өтетін  инвестициялық  форумдарға,  конференцияларға қатысады;
  3. инвесторларды тарту  бойынша  аудан,  қала  әкімдіктерімен  бірлесіп жұмыс істеуге бақылау орнатады;
  4. жобаларды жүзеге  асыру  және  одан  әрі  жұмыс  істеу  мақсатында инвесторлар  мен  жергілікті  мүдделі  органдардың  бірлесіп  жұмыс  істеуін үйлестіреді;
  5. уәкілетті органмен  келісу  бойынша  күтіп-ұсталуы  кезіндегі шығындардың  бір  бөлігі  өтелетін  санитариялық-гигиеналық  тораптардың тізбелерін бекітеді;
  6. туристік қызметтер  көрсету  нарығына  талдау  жасайды  және  Алматы облысы аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;
  7. Қазақстан Республикасының  заңдарына  қайшы  келмейтін  өзге  де міндеттерді жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.07.2026 – 03.07.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854