Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, (индекс:Р-15)
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Құқық және экономика негіздері
Қосымша талаптар
бизнес, басқару және құқық және/немесе гуманитарлық ғылымдар және/немесе арнайы педагогика
Функционалды міндеттер
3.1. Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету; 3.2. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; 3.3. Ұжымда жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету; 3.4. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолданады; 3.5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады; 3.6. Мемлекеттік органның басшылығына мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдамау жағдайлары туралы хабарлайды; 3.7. Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізеді және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою жөнінде ұсынымдар енгізеді; 3.8. Заңнамада белгіленген тәртіппен қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныспен тиісті лауазымды адамдарға жүгінеді; 3.9. Ақпараттық қауіпсіздік шараларын және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді қамтамасыз етеді. 3.10. Қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу мақсатында өзге де қызметті жүзеге асырады. «В» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854