Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының стратегия және мониторинг бөлімінің бас маманы, индекс:ОСИМ-3

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина

Қосымша талаптар

жалпы дәрігерлік практика және/немес емдеу ісі

Функционалды міндеттер

Бөлімнің бас маманы Алматы облысының ДСБ стратегиялық даму жоспарының орындалуына мониторинг жүргізеді; Облыстың денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық ұйымдардың қызметі туралы медициналық-статистикалық ақпаратқа Мониторинг пен талдауды, медициналық көмек көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық жабдықтармен жарақтандыру бойынша талдамалық материалдар дайындауды жүзеге асырады; Алматы облысының Денсаулық сақтау жүйесін стратегиялық дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді; МЖӘ жобаларын үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады, қажетті құжаттаманы әзірлейді. Арнаулы медициналық қызметтер, облыс аудандары, медициналық ұйымдар бөлінісінде тиімділік мониторингін жүзеге асырады;  басқарма алқаларында, басқа да жұмыс кеңестерінде қарау үшін материалдар дайындау; медициналық ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізуді ұйымдастыру; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мерзімдердің орындалуын сақтау және олар бойынша жауаптар дайындау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтағаны және өз тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдағаны үшін мойнына алады. Меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар қызметінің мониторингі, медициналық ұйымдар қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау, медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек; Облыстың медициналық ұйымдары қызметінің стратегиялық бағыттарының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша айқындау; Құрылымдық бөлімшелерден деректер жинауды ұйымдастыру, оларды жинақтау және талдау, мекеме қызметінің стратегиялық бағыттарын орындау бойынша жиынтық есепті дайындау; Даму бағдарламасын, бекітілген стратегиялық бағыттар мен көрсеткіштерді, медициналық ұйымдарды дамытудың жыл сайынғы жоспарын жоспарлауды және орындауды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу; Қолданыстағы НҚА шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, медициналық ұйымдарды және медициналық жабдықтармен жарақтандыруды ұйымдастыру және мониторингілеу; Ведомстволық бағынысты ұйымдардың стратегиялық құжаттарды әзірлеуіне жетекшілік ету; Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды табысты іске асыру үшін міндеттерді сапалы және уақтылы жүзеге асыру; Жүктелген міндеттер мен функцияларды және басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындауға дербес жауапты болады  жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарын, өкімдерін және нұсқамалық-әдістемелік нұсқауларын және олардың уақтылы орындалуын бақылайды; Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі рейтингтік көрсеткіштерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, облыстың медициналық ұйымдары жұмысының сапалық көрсеткіштерін талдауды қамтамасыз етеді және олардың нәтижелерін ООО және медициналық ұйымдардың басшыларына жеткізеді; Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру. Бейінді ахуалдық орталықтардың жұмысын қадағалау және мониторингілеу. Облыстың денсаулық сақтауды дамытудың стратегиялық жоспары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.10.2023 – 17.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317