Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы,индекс: 02-04-4

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұнай газ ісі
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Инженерлік жүйелер және желілер

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Көпқабатты тұрғын үй қорын күзгі-қысқы жылыту кезеңіне дайындауды ұйымдастыру; Тұрғын үй қорына қатысты жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау; Жетісу жастары бағдарламасын құру және тұрғын үй-бағдарламаларын жүзеге асыру; Жоғары тұрған ұйымдардың (тоқсандық есептер, хаттар, тапсырмалар), бюджеттік мекемелер, аудандар мен қалалар әкімдіктерінің және тұрғындардан келіп түскен хаттарды қарастыру және жауап дайындау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды, жеке тұлғаларға әдістемелік, заңгерлік және өзге көмектер көрсету; Облыс әкімі аппаратының апталық хаттамалық тапсырмаларын қарастыру; Облыстық әкімшіліктің қызметімен бірлесе отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді дайындау және рәсімдеу жұмыстарын жүргізуге қатысу; Тұрғын үй бағдарламаларына қатысушыларға тұрғын үй сертификаттарын ұсыну барысында жұмыстарын жүзеге асыру; Облыстағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтары тізіміне мониторинг жүргізу; Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшіліктері мен аудан және қалаларды тыңдау бойынша селекторлық кеңестеріне материалдар дайындау; Азаматтардың және ұйымдардың өтініштерін қарастыру және олардың орындалу мерзімін қатаң түрде сақтау; Тұрғын үй қатынастары саласы саясатын жүзеге асыру, жоспарлар, мақсатты бағдарламалар мен іс шаралар әзірлеу, құрастыру және жүзеге асыру; Тұрғын үй қорының жағдайына мониторингті жүзеге асыру; Облыстық тұрғын үй қорының мүлік иелерінің бірлестіктері институтын енгізу бойынша реформаны жүзеге асыруды ұйымдастыру және бақылауға алу; Тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй жайлардың мемлекеттік тіркеліміне бақылау және мониторинг жүргізу; Облыстың тұрғын үй қоры бойынша деректерді өзектендіру мақсатында тіркелген кондоминиум объектілерінің санын тіркелуін ұйымдастыру және бақылау; «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 31.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.09.2023 – 11.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559