Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейіндегі экспонаттарды 3D фоматқа көшіру
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Кез-келген адам әлемнің түкпір-түкпірінен Ж.Жабаев музейінің виртуалды сайты арқылы экспонаттарымен таныса алады. 3D технологиясы арқылы музей залдарын, жәдігерлерін анық әрі әр қырынан толық көре алады және толық мағлұматтарға қол жеткізеді.
Жобаның мақсаты:
Музей экспозициясындағы Жамбылдың өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыратын, жәдігерлер 3D форматтағы жаңа технологиямен көрермендерге ұсыну.
Жобаны іске асыру қандай мәселелерді шешеді?
Әлеуметтік желілерде, түрлі интернет форумдарда көптеген тақырыптарға байланысты ойларымен бөлісіп, пікір алмасып жатады. Егер қандай да бір музейлер өз ісінде жағымды жақтарымен, жаңалықтарымен көрініп жатса, ол осындай виртуалды форумдарда көптеген көрілім жинап, бөлісіліп, бағасын алып жатады. Тарихи мұраларымызды жаңа технология арқылы таныстыру арқылы жаңалыққа жаны құмар жастардың музейге деген қызығушылығын оята алуға болады.