Баспасөз-хабарлама (Qazaq Marathon)

2024 жылғы 26 мамырда Қонаев қаласында Qazaq Marathon жеңілатлетикалық жарысы өтеді. Оған кәсіби спортшылар да, жүгіруге мүлдем жаңадан келгендер де, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұнататындар да қатыса алады.
Ашылу салтанаты: 26 мамыр, сағат 07: 30.
Қонаевта старт қаланың орталық алаңында сағат 8:00. басталады. Қатысушылар көрікті жерлермен және облыс орталығының жағасымен жүгіреді.
Жүгіру қашықтығы:
* 10 км және 5 км (15 жастан асқан қатысушылар үшін),
* 10 км скандинавиялық серуендеу,
* 3 км (балалар қашықтығы).
10 км қашықтықты жүгіру арқылы да, арнайы таяқшалар болған кезде скандинавиялық серуендеу арқылы да жеңуге болады.
Қонаевтағы жүгіру Qazaq Marathon 2024 сериясындағы алғашқы бастама болмақ. Ұйымдастырушылар жыл соңына дейін еліміздің түрлі өңірлерінде 5 жүгіру іс-шарасын өткізуді жоспарлап отыр.
Жарыстан кейін үлкен шоу-бағдарлама ұйымдастырылады және Shiza әртісі басты рөлді сомдайды.
Жарысты сәтті аяқтаған барлық қатысушыларға финишер медалі беріледі.
Барлық қашықтықтағы жүлдегерлер медальмен, грамотамен, ақшалай сертификатпен және қосымша сыйлықтармен марапатталады.
Барлық қашықтықтағы жалпы жүлде қоры 4,8 миллион теңгені құрайды.
Іс-шара өткізілгеннен кейін ұйымдастырушылар старт өткен әр қалада жүгіру мектебін ашуды жоспарлап отыр.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы, бас серіктес-Freedom Life, серіктес-JRun жүгіру академиясы.
Байланыс телефоны: +7 705 413 5525 (Айжан Түгелбаева).

Қызмет бағыты