Пресс-релиз (Шахматтан Алматы облысы Кубогының 1 кезеңі)
2024 жылғы 6 наурызда жылдам шахматтан Алматы облысы Кубогының 1 кезеңі өтеді.
Салтанатты ашылу рәсімі 6 наурыз күні сағат 10.00 - де өтеді.
Жарыстың басталуы: 6 наурыз сағат 10.30.
Өтетін орны: Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, № 24 лицей, Рысқұлбеков көшесі-38.
Жарысқа аудандар мен Қонаев қалаларынан 8 жас санатындағы - 6 жастан 70 жасқа дейінгі және одан жоғары санаттағы 150-ден астам шахматшы қатысады.
Жылдам шахматтан жарыс Швейцария жүйесі бойынша 9 турда ұйымдастырылады. Ойын уақыты: бірінші айналымнан 10 минут + 5 секунд. Жарыс жеңімпаздары барлық турлардың нәтижелері бойынша жинаған ең көп ұпай саны бойынша анықталатын болады.
Мақсаттары мен міндеттері: Алматы облысының барлық елді мекендерінде барлық жас санаттары арасында шахматты дәріптеу, ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыру, біліктілік нормативтерін орындау, облыстық құрама командалар құрамына іріктеу.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау 6 наурыз күні сағат 16.00-де өтеді.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы, шахмат және үстел ойындары бойынша БЖСМ, "Қазақстан шахмат федерациясының" Алматы облысы бойынша филиалы.
Байланыс телефондары:
+7 777 488 9947 (Дмитрий Благодаров)
+7 701 742 2472 (Сәрсенғали Жанқуатов).