Пресс-релиз (стендтік атудан Алматы облысының ашық турнирі)

2023 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған стендтік атудан Алматы облысының ашық турнирі өтеді.
Жарыстың басталуы: 25 қараша сағат 9.00.
Өтетін орны: А. Асанов атындағы атқыштар клубы, Байсерке ауылы, Іле ауданы.
Алматы облысы мен Алматы қаласының бес ауданынан 70-ке жуық спортшы екі жас санатына қатысады деп жоспарлануда.
Жарыстың мақсаты: Алматы облысында стендтік атысты дәріптеу, осы спорт түріне әртүрлі жас санатындағы ұлдар мен қыздарды тарту, Алматы облысының жасөспірімдер құрама командасын қалыптастыру үшін мықты стендовиктерді анықтау.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау жарыс күнінің соңында өтеді: 25 қараша сағат 16.00 - 17.00,
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығы.
Байланыс телефоны: +7 708 742 3101 (Нұрлан Әмірбеков)