Баспасөз релизі (құқық қорғау органдары, арнайы бөлімшелері мен күш құрылымдары қызметкерлері арасында шағын футболдан облыстық турнир)
2023 жылғы 13 және 14 қазанда Қазақстан Республикасы күніне орай Алматы облысының құқық қорғау органдары, арнайы бөлімшелері мен күш құрылымдары қызметкерлері арасында шағын футболдан облыстық турнир өтеді.
Салтанатты ашылу 13 қазан күні сағат 12.00 - де.
Өтетін орны: Қонаев қаласының № 1 БЖСМ стадионы (Қонаев қ., Демалыс аллеясы 2-а)
Жарысқа Алматы облысы ПД өкілдері, әскери қызметшілер, сондай-ақ арнайы және күш құрылымдарының қызметкерлері қатысады. Барлығы 10 команда.
Мұндай жарыстар салауатты өмір салтын таңдауға ынталандыру ғана емес, сонымен қатар дене шынықтыру мен спортты дамытудың жақсы үлгісі болып табылады, сонымен қатар қатысушылардың шеберлігі мен спорттық біліктілігін арттыруға ықпал етеді; спорттағы үздіктерді анықтап қана қоймай, құқық қорғау органдары, арнайы және күш құрылымдары қызметкерлерінің командалық рухына жағымды әсер етеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауды 14 қазанда, соңғы ойындардан кейін өткізу жоспарлануда. Кубоктармен, грамоталармен, медальдармен жеңімпаздар мен жүлдегерлер ғана емес, сонымен қатар "Үздік ойыншы", "Үздік қақпашы", "Үздік қорғаушы", "Үздік шабуылшы"номинациялары бойынша жарысқа қатысушылар марапатталады.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы, "Динамо"ҚҚҚ Алматы облыстық филиалы.
Байланыс телефондары: +7 701 337 7111 (Берік Нұрғалиев).
+7 778 377 1987 (Шадман Сұлтан)