2022 жылғы 13наурызға тағайындалған Алматы облысының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Есік қаласы және Көктөбе ауылдық округі әкімдерінің сайлауын, Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қызылащы ауылдық округі әкімінің сайлауын, Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Көксу ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.

Сайлау 2022 жылғы 13 наурызға белгіленді, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 12 ақпанда басталады және 2022 жылғы 25 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.


2022 жылғы 11 ақпандағы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округі әкімінің сайлауы ақпараттық сүйемелдеу мәліметтері:

Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Көксу ауылдық округі әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік ЖОСПАРЫ

Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округін құру туралы

Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы әкімдердің сайлауы тағайындалған Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің тізімін жариялайды

Кербұлақ аудандықсайлау комиссиясы аудандық сайлау комиссиясының құрамын жариялайды

 

2022 жылғы 11 ақпандағы Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық сүйемелдеу  мәліметтері:

Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы 

2022 жылғы 13 наурызға тағайындалған Алматы облысының Алакөл ауданының Қызылащы ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу үшін сайлау округін құру туралы

 

2022 жылғы 11 ақпандағы Еңбекшіқазақ ауданы  Есік қаласы және Көктөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық сүйемелдеу мәліметтері:

Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы және Көктөбе ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы және Көктөбе ауылдық округ әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялайды (17-б., 2-т.)

2022 жылғы 13 наурызға тағайындалған Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы және Көктөбе ауылдық округінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі сайлау учаскелерінің шекараларын жариялайды (17-б. 2-т.)

 

 

Жарияланған күні

11 ақпан 2022

Жаңарту күні

12 ақпан 2022

Жарияланымның авторы