2019 жылдың есептік кезеңінде облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу

Есепті кезеңде облыс әкімінің аппаратына 5427 өтініш келіп түсті, оның ішінде 4732-і жеке тұлғалардан, 695-і заңды тұлғалардан, соның ішінде - 406 ұжымдық.

Жалпы келіп түскен өтініштердің 1080-і жоғары органдардан, оның ішінде:

ҚР Президенті Әкімшілігінен - 529;

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен – 304:

ҚР Парламентінен – 97;

Министрліктерден – 150.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

- тұрғын үй беру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы –   1696;

- әлеуметтік қамтамасыз ету – 730;

- жер пайдалану және жер учаскелерін бөлу – 635;

- мемлекеттік басқару – 546;

- құрылыс – 241;

- ауыл шаруашылығы – 174;

- мәдениет – 162;

- кәсіпкерлік – 152;

- ономастика – 33.

Облыс басшылығы жеке мәселелері бойынша 905 адамды қабылдады, оның ішінде 204 мәселе оң шешімін тапты, 701-іне түсініктеме берілді. Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Жарияланған күні

16 наурыз 2020

Жаңарту күні

16 наурыз 2020