Денсаулық сақтау

Облыста 398 Денсаулық сақтау мекемесі бар (мемлекеттік - 340, жеке – 58). Мемлекеттік медициналық мекемелердің 173 немесе 50,9%  бейімделген, 66 немесе 19,4%  жалға алынған үй-жайларда орналасқан.
Облыстың медициналық мекемелерінде 2799 дәрігер және 9109 медбике жұмыс істейді. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 18,80 (ҚР–24,1), орта медицина қызметкерлерімен – 61,17 (ҚР-64,8) құрайды. 5435 төсек-орын орналастырылды, 10 мың тұрғынға – 36,5 (ҚР-59,6) төсек-орынмен қамтамасыз етілді.
Облыс әкімінің гранты бойынша республиканың медициналық жоғары оқу орындарында 149 резидент оқиды.

 

Жарияланған күні

31 қазан 2019

Жаңарту күні

22 ақпан 2023