2021 жылғы 5 желтоқсандағы ауылдық округ әкімінің сайлауы туралы

2021 жылғы 5 желтоқсанда Көксу ауданының Балпық ауылдық округінде өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына (басқа жұмысқа ауысуына) байланысты сайлау өтті.

1 аудандық және 10 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істеді.

Округ бойынша барлығы 7 кандидат ұсынылды, барлығы өзін-өзі ұсынды.

7 кандидаттың -3(42,8%) мемлекеттік қызметшілер болып табылады (1 - Көксу ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы, 1 - Көксу ауданы ұйымдастыру, мемлекеттік - құқық бөлімі және АХАТ бас инспекторы, 1-Балпық ауылдық округі әкімінің орынбасары). 1 кандидат-бюджеттік ұйымның қызметкері, 2 кандидат - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 1 кандидат - уақытша жұмыссыз.

Дауыс беру күніне дейін 4 кандидат шығарылды (3 - өз өтініштері бойынша алынды, 1 - МҚІА талаптарына сәйкес келмейді).

Сайлау бюллетеньдеріне 3 кандидат енгізілді.

Дауыс беруге 12833 сайлаушының 8769-ы (68,3%) қатысты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Балпық ауылдық округі әкімінің орынбасары Төлеген Көлжақанұлы Қожабеков 68,0% дауыс жинады.

10 сайлау учаскелерінде кандидаттардың 40 сенім білдірген адамдары, 10 байқаушы тіркелді: 5 - Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры, 3-"партиялы емес байқаушы орталығы" ҚБ, 2 - "тәуелсіз байқаушы"ҚБ.

Сайлау науқаны кезінде өтініштер түскен жоқ.

 

Алматы облысы Көксу ауданы Балпық ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы хабарлама

Көксу ауданы Балпық ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

Жарияланған күні

07 желтоқсан 2021

Жаңарту күні

07 желтоқсан 2021

Жарияланымның авторы