2021 жылғы 26 қыркүйекке тағайындалған Алматы облысының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау туралы ақпарат
Жарияланған күні: 27 тамыз 2021
Жаңарту күні: 27 тамыз 2021
Көру саны:86
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Талғар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Белбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын, Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сөгеті ауылдық округі әкімінің сайлауын, Ұйғыр аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үлкен ақсу ауылдық округі әкімінің сайлауын, Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кеген ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
Сайлау 2021 жылғы 26 қыркүйекке белгіленген, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 28 тамызда басталып, 2021 жылғы 10 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Жарияланған күні
27 тамыз 2021
Жаңарту күні
27 тамыз 2021
Жарияланымның авторы
Түрі
Қызмет бағыты