Ақпараттық хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы облыстық филиалы

айналымнан шығарылған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды мерзімсіз айырбастау мүмкіндігі туындағаны туралы хабарлайды.

Осыған орай, Филиал 2021 жылғы 14 маусымнан бастап жеке және заңды тұлғалардың өтініштері болған кезде айналыстан шығарылған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге банкноттардың шынайылығы дәлелденгеннен кейін оларды жаңа  үлгідегі ақшаға ауыстырады. 

2006 жылғы үлгідегі банкноттарды ауыстыру мына мекенжайы бойынша: Талдықорған қаласы, М.Төлебаев көшесі, 58/64-үйінде орналасқан Ұлттық Банкі Алматы облыстық филиалының кассасында жүзеге асырылады.

 Толығырақ ақпаратты +7 (728) 2 55-95-09 байланыс нөмері арқылы алуға болады.

 

ҚР Ұлттық Банкінің 

Алматы облыстық филиалы

 

Жарияланған күні

10 маусым 2021

Жаңарту күні

10 маусым 2021

Жарияланымның авторы