Жетінші шақырылған Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары және партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындылары бойынша Алматы облыстық мәслихатының депутаттық мандаттарын бөлу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 111-1-бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау нәтижелері туралы аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Алматы облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Партиялық тізімдер бойынша сайлау қорытындыларын белгілеу:

Қазақстан Халық партиясы – 87793 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,54 пайызы;

«Nur Otan» партиясы – 827844 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 80,53 пайызы;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 91221 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,87 пайызы;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 16631 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,62 пайызы;

«ADAL» саяси партиясы – 4554 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,44 пайызы.

  1. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар белгіленсін:

Қазақстан Халық партиясы – 87793 (8,54%);

«Nur Otan» партиясы – 827844 (80,53%);

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 91221 (8,87%).

  1. Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленсін:

Қазақстан Халық партиясы – 4;

«Nur Otan» партиясы – 37;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 4.

  1. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және облыс әкімдігінің сайтында орналастырылсын.

 

Алматы облыстық сайлау   комиссиясының төрағасы    Т. Даутов

Алматы облыстық сайлау   комиссиясының хатшысы     З. Интенгенов

 

Жарияланған күні

12 қаңтар 2021

Жаңарту күні

12 қаңтар 2021

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты