«Ана сүтімен тамақтандыру - балалар денсаулығының кілті!»

Ана сүтімен тамақтандырудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру бойынша 30 түрлі іс-шара өткізіліп, оған 590 адам қатысты. Оның ішінде: 11 семинар - 324 адам, 4 пікірталас - 20 адам, 4 пікірсайыс - 86 адам, 1 конференция – 72 адам, 6 лекция – 67 адам, 3 дөңгелек үстел – 16 адам, 1 конкурс – 5 адам. Облыстық "Жетісу" газетінде мақалалар жарияланды. Теледидар, радио және лэд –экрандар арқылы аудио және видео роликтер көрсетілді. 46 мың үнпарақ дайындалды.

Жарияланған күні

17 қараша 2020

Жаңарту күні

17 қараша 2020

Жарияланымның авторы