Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ш. А. Өтемісовтың Алматы облысына жұмыс сапары
Көру саны:12
Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов сайлауға дайындық барысымен округтік және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен танысты.
Сапар аясында 120 округтік сайлау комиссиясының төрағаларының қатысуымен оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында сайлау науқаны кезеңінде округтік сайлау комиссиялары қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың ерекшеліктері қаралды. Практикалық бөлім ситуациялық кейстерді талдап, қорытынды хаттамаларын рәсімдеуді және алынған білімді бекітуге бағытталған командалық жұмысты қамтыды.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Алматы облысының мемлекеттік органдары өкілдерімен кеңес өтті.
Кеңес барысында сайлау заңнамасын сақтау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуі, сондай-ақ сайлау учаскелерінде мүгедек азаматтардың сайлау құқықтарын кедергісіз іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау мәселелеріне басты назар аударды.
Жалпы, Алматы облысы бойынша сайлауды дайындау және өткізу жұмыстарына 899 сайлау комиссиясы, олардың құрамында 5 287 комиссия мүшесі жұмыс жасауда. Облыс бойынша сайлаушылардың жалпы саны 1 056 474 адамды құрайды.

