Алматы облысының туризм басқармасының 2026 жылғы 9 айда атқарған жұмыстары бойынша ақпарат

Алматы облысында туристік саланы дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік ұлттық парктерге («Көлсай көлдері», «Іле-Алатау» және «Шарын»)2,2 млн адам келді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47%-ға жоғары (2025 жылдың 9 айында – 1,5 млн адам).Шетелдік туристер саны 2%-ға өсіп, 128 мың адамды құрады (2025 жылдың 9 айында – 126 мың адам)

2026 жылдың 8 айдың қорытындысы бойынша туризм саласынан бюджетке түскен салық түсімдері 3,9 млрд. теңгені құрап, (2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі 2,8 млрд теңгемен салыстырғанда)39,3%-ға өсті.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар сәтті жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, Қонаев қаласының жағажай инфрақұрылымын дамыту аясында № 6, 7 коммуналдық жағажайларды салу және абаттандыру, сондай-ақ «Солтүстік жағалау» жағажай аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Туристер үшін көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қайыңды көліне апаратын ұзындығы 9,9 км автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Қаскелең және Түрген шатқалдарының мастер-жоспарларын әзірленіп, бекіту сатысында.

Қазіргі уақытта «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің, «Тас Төбе» тау жотасының және Тұзкөл көлінің аумақтарын абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Аумақты абаттандыру аясында жалпы ұзындығы 970 метр және аумағы 1542 м² жаяу жүргіншілер мен серуендеу инфрақұрылымы жабдықталуда (оның ішінде көру алаңы, эко баспалдақтар, металл жолдар,
сондай-ақ Тұзкөл көліне әдемі көрініс ашылатын пирс бар)
. Сонымен қатар, шамдар, орындықтар, беседкалар, қоқыс жәшіктері, навигациялық көрсеткіштер мен фотозоналарды қоса алғанда, абаттандырудың
36 элементі орнатылуда.

Сондай-ақ, «Алатау Аманаты» жобасын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Жоба аясында туристік навигация жүйесін орнату және рекреациялық аймақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жоба аясында туристік инфрақұрылымды кешенді абаттандыру көзделген: ұзындығы 510 км болатын бағыттарды таңбалау, 258 навигация элементін орнату (ақпараттық стелалар, навигациялық және реперлік көрсеткіштер, маркерлік бағандар), сондай-ақ абаттандырудың және демалыс орындарының 29 элементін жеке орналастыру (беседкалар, орындықтары бар үстелдер, жабдықталған алауошақтар, фотозоналар мен спорт алаңдары)

Ағымдағы жылы облыста өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған, жалпы құны 22,7 млрд теңгені құрайтын туризм саласындағы 11 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. («Туранга групп» жобасына 1,2 млрд теңге, «Aina Lake» демалыс аймағына 12,5 млрд теңге, «Millenium» ойын-сауық кешеніне 264 млн теңге, «Исаков» демалыс үйіне 150 млн теңге, «Поларис» бассейн кешеніне 3 млрд теңге, «Dubai resort water park» бассейн кешеніне 450 млн теңге, «Тілек» қонақүй кешеніне 1 млрд теңге, Бақбақты ауылындағы спорт кешеніне 736 млн теңге, Құйған ауылдық округіндегі саябаққа 200 млн теңге, Бакиров Дастанның бассейн кешеніне 700 млн теңге және «Алина Плаза» мейрамхана-бассейн кешеніне 2,5 млрд теңге)

Сонымен қатар, өңірде 21 инвестициялық жобаны іске асырылуда («Marriott» қонақүй кешенінің құрылысы - 28 млрд тг., «Jeyran Fishing Club» демалыс базасының құрылысы - 3 млрд тг., «Oi-Qaragai» курортын кеңейту - 57 млрд тг., «АЗС Compass» жол бойындағы сервис нысанын салу - 2,8 млрд тг.).

Бұдан бөлек, 13 қазанда «Oi-Qaragai» тау-шаңғы курортында мейрамхана, апартаменттер және конференц-залдарды біріктірген AQTAS кешені ашылды.Кешен таулы табиғат аясында гастрономиялық демалыс, жайлы тұру және іскерлік іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін ұсынады.

Сондай-ақ өңірде оқиғалық туризмді дамытуға баса назар аударылуда. Ағымды жылы 30-дан астам ауқымды туристік, мәдени және спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Анықтама үшін: Олардың ішіндегі ең ірілері: «Адам және ғарыш» авиациялық фестивалі (10 мың турист), «Байсерке аспаны» авиашоуы (10 мың турист), Winter Auto Drift Show (3 мың турист), Sokol Fest (4 мың турист), Aura Fest (4 мың турист), Tengri Ultra (2 мың турист), «Открытие мотосезона – 2026» (4 мың турист), «Өрік Fest – 2026» (4 мың турист), «Движ fest» (10 мың турист), Central Asia Drift Show (10 мың турист), Family Rock Festival 2026 (5 мың турист) және басқа да іс-шаралар.

2026 жылы Алматы облысының туристік әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілету ірі туристік іс-шараларға қатысу, жетекші шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық орнату және өңірдің туристік нысандарын цифрлық форматта белсенді насихаттау арқылы жүзеге асырылуда.

Маңызды бағыттардың бірі – TBEX Asia 2026 халықаралық туристік іс-шарасы. Іс-шараға әлемнің шамамен 30 елінен 250-ден астам тревел-блогерлер, журналистер, инфлюенсерлер және туристік индустрия өкілдері қатысты. Қатысушылардың жиынтық аудиториясы шамамен 300 млн. адамды құрады. Іс-шараға қатысу Алматы облысының туристік әлеуетін халықаралық кәсіби қауымдастыққа таныстыруға, шетелдік туристік индустрия өкілдерімен байланыстарды кеңейтуге және өңір туралы туристік контентті таратудың қосымша мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

2026 жылғы маусым айында әлемге танымал «Euronews» телеарнасының платформасында «Көлсай көлдері» ұлттық паркі туралы арнайы материал жарияланды. Материалда Көлсай және Қайыңды көлдерінің табиғи сұлулығы, өңірдің бірегей ландшафтары, сондай-ақ экологиялық және белсенді туризмді дамыту мүмкіндіктері көрсетілді.

Бұдан бөлек, 19 қазанда басқарманың қолдауымен Тамғалы-Тас шатқалында аталған телеарна үшін түсірілім жұмыстары өтті. Түсірілімнің мақсаты — халықаралық аудиторияға өңірдің тарихи-мәдени мұрасын, бірегей петроглифтерін және осы жердің туристік мүмкіндіктерін таныстыру.

Сондай-ақ, Toyota Official және National Geographic компанияларымен бірлесіп Алматы облысының туристік нысандарына – Байынқол, Ассы үстірті, Текес сарқырамасы, Мәрмәр қабырғасы, Ай каньоны және басқа да нысандарға джип-тур ұйымдастырылды. Экспедицияға танымал блогерлер, фотографтар мен бейнеоператорлар қатысты. Сапар қорытындысы бойынша өңірдің табиғи нысандарын насихаттауға және олардың кең аудитория арасында танымалдығын арттыруға бағытталған фото және бейнематериалдар әзірленді.

11–26 мамыр аралығында Алматы облысының табиғи локацияларында халықаралық Netflix жобасының түсірілім жұмыстары жүргізілді. Жобаны іске асыру өңірдің табиғи және туристік нысандарын халықаралық деңгейде ілгерілетуге және кинотуризмді дамытуға ықпал етеді.

1 маусымда Алматы облысында белгілі блогерлер Дастан Мұхамедрахым, Джо Хаттаб және Джошуа Платильероның қатысуымен түсірілім жұмыстары өтті. Түсірілімдер Туризм басқармасы мен «Visit Alatau» туристік ақпараттық орталығының қолдауымен өңірдің көрікті туристік нысандарында ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаты — өңірдің туристік әлеуетін халықаралық деңгейде танымал ету, бірегей табиғи көрікті жерлерін дәріптеу және Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыру. Блогерлердің аудиториясын қамту арқылы шетелдік көрермендер Алматы облысының көрікті ландшафтарымен, табиғи байлығымен және әртүрлі туристік мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алады».

1–2 қазан аралығында Кеген ауданындағы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Басқарма өкілдері «ARMOUR OF THE GOD 4: THE ULTIMATUM» («Құдайдың сауыты 4: Ультиматум»)халықаралық толықметражды фильмінің түсірілім жұмыстарына ұйымдастырушылық қолдау көрсетті. Түсірілім процесіне шетелдік және қазақстандық актерлер, соның ішінде әлемге танымал актер Джеки Чан қатысты».

Қазіргі таңда, Алатау қаласында орналасқан ASP Club мұз айдынының ашылуына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Орталық Азиядағы ең ірі мұз айдындарының бірі саналатын ашық аспан астындағы аренаның ауданы шамамен 20,6–22,1 мың м²құрайды және бір мезетте 3 200 адамды қабылдай алады. Мұз айдыны бұқаралық сырғанауға, спорттық жарыстар мен түрлі іс-шараларды өткізуге арналған. Келушілер үшін конькилер мен қажетті құрал-жабдықтарды жалға беру пункті қарастырылған.

Жарияланған күні

05 қараша 2026

Жаңарту күні

05 қараша 2026

Қызмет бағыты