Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 9 ай қорытындысы

 

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Басқарманың штат саны – 15 бірлікті құрайды. Басқармаға қарасты 33 ұйым бар (2 спорты дамыту дирекциясы, 1 спорт клубы,1 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 олипиадалық резервті даярлау орталығы, 1 спорт медицинасы және оңалту орталығы, 1 бұқаралық спорт клубы, 1 дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы,25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері ).

Ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат саны 2 257,9 бірлікті құрайды.

Бюджет

2026 жылы спорт саласын дамытуға20,5 млрд.теңгебөлінді.

-басқарма мен облыстың 33 спорт ұйымын ұстауға – 12425,6 млн. теңге;

-басқару аппаратын ұстауға 211,4 млн. теңге;

-материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 118,8 млн теңге;

-спортшыларды ай сайын ұстауға және облыстық деңгейдегі жарыстарды өткізуге – 1021,8 млн. теңге;

-спорт түрлері бойынша облыстық командаларды республикалық және халықаралық жарыстарға даярлау мен қатысуға – 2098,1 млн. теңге;

-мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы іске асыруға – 2500 млн. теңге;

-МЖӘ жобалары аясындағы мемлекеттік міндеттемелерді орындауға – 1630,8 млн. теңге.

Спорттық резерв және жоғары жетістіктер спорты

Облыстың спорттық резервін 33 спорт ұйымыдаярлайды.

Оның ішіндегі 25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде (БЖСМ): 23 625 спортшытіркелген, 67 спорт түрі қамтылған (26 – олимпиадалық спорт түрі, 20 – олимпиадалық емес спорт түрі, 13 – ұлттық спорт түрі, 6 – паралимпиадалық спорт түрі, 2 – сурдлимпиадалық спорт түрі). БЖСМ-де 943 жаттықтырушықызмет атқарады. Сонымен қатар, бұқаралық спорт бағытында 311 спорт нұсқаушысықызмет атқаруда.

2026 жылдың басынан облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 1501 медаль иеленді (533 алтын, 442 күміс, 526 қола).

Сондай-ақ, 59 спортшы«I спорттық разряд»533 спортшы «ҚР спорт шеберлігіне үміткер»37 спортшы«ҚР спорт шебері» атағын алды.

Жоғары нәтижеге қол жеткізген 391 спортшығаай сайын 85–860 мың.теңгекөлемінде ақшалай төлемдер жүргізіледі. Ағымдағы жылы қолдау алатын спортшылар саны  168 немесе 75,3% өскен(2025 жылы - 223 спортшы қамтылған).

Қырғызстан мемлекетіндегі VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына(31 тамыз – 06 қыркүйек) ҚР Ұлттық құрама командасының қатарындаоблыстан 11 спортшы қатысты.

Ақпарат үшін:бәйгеден 4 медаль (2 алтын, 1 күміс, 1 қола), көкпардан командалық есепте 2-орын (3 спортшы), көкбөріден командалық есепте 2 орын (2 спортшы) қол күресінен 2 медаль (1 алтын, 1 күміс).

Жапон мемлекетінде (19 қыркүйек-04 қазан) ХХ Жазғы Азия Ойындарында ҚР Ұлттық құрама командасының қатарында облыстан 24 спортшы қатысты (Олимпиадалық спорт түрлерінен 20 спортшы, олимпиадалық емес спорт түрлерінен 4 спортшы).

Облыс спортшылары жалпы 5 медальғаие болды (стенд ату - 1 күміс, 2 қола,ушу - 1 қола, дзюдо- 1 қола)

Спорт инфрақұрылымы

Облыста барлығы 1908 спорттық құрылым бар, оның ішінде 518 – спорттық нысан, 1 195– білім беру ұйымдарындағы және 195 – спорт мектептеріндегі нысандар.

2022 жылдан бастап 7 нысан пайдалануға берілген(6-спорт кешен, 1-дене шынықтыру-сауықтыру кешені (Райымбек-3, Еңбекшіқазақ-2, Жамбыл-1, Ұйғыр-1).

2026 жылы 5 спорт кешенініңқұрылысы жүргізілуде

- Кеген ауданының Жалағаш ауылындағы50 орынды спорт кешеннің дайындық дәрежесі 80%. Ақпарат үшін: арнайы қордан1,1 млрд. теңге бөлінді. Жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде іске асырылуда. Президенттің тапсырмасы бойынша арнаулы мемлекеттік қордағы қаражат өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағытталады.

- Жамбыл ауданының Тарғап ауылындағы70 орынды спорт кешеннің дайындық дәрежесі 40%.Ақпарат үшін: жергілікті бюджет есебінен 100 млн.теңге бөлінген.

- Ұйғыр ауданының Шонжы ауылындағы70 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешеннің дайындық дәрежесі 95%.Ақпарат үшін: жергілікті бюджет есебінен600 млн.теңге бөлінген.

- Райымбек ауданының Қайнар ауылындағы50 орындық спорт кешенінің дайындық дәрежесі 60%.Ақпарат үшін: жергілікті бюджет есебінен1,12млрд. теңге бөлінген.

-Енбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылындағы50 орындық спорт кешеннің дайындық дәрежесі 25%.

Ақпарат үшін: жергілікті бюджет есебінен1,23 млрд. теңге бөлінген.

13 спорт кешенніңжобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) дайын, қаржыландыру мәселесі күтілуде.

«Балхаш ауданы, Бакбакты ауылында 50 орынды спорт кешені», «Енбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылында 50 көрерменге арналған спорт кешені», «Енбекшіқазақ ауданы Байдибек би ауылында 50 көрерменге арналған спорт кешені, «Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылында 50 орынды спорт кешені», «Іле ауданы Түймебаев ауылында 100 көрерменге арналған спорт кешені», Іле ауданы Ақши ауылы, «Қарасай ауданы Жібек жолы ауылында спортық аланы»,«Қарасай ауданы Көкөзек ауылында спортық аланы», «Қарасай ауданы Шамалған ауылында 200 орындық жатақханасы бар 600 орындықспорт мектеп-интернаты» , «Райымбек ауданы, Текес ауылында 50 көрермен орындық спорт кешені», «Алатау қаласындағы Заречный ш/а 60 орындық спорт кешені», «Қонаев қаласындағы Шеңгелді ауылында 50 орындық спорт кешені,Қонаев қаласындағыКөпфункционалды спорт кешені;

Сондай-ақ, жеке инвесторларқаражаты есебінен 5 спорт кешендері пайдалануға берілді:

-Балқаш ауданының Бақбақты ауылындағы50 орындық спорт кешені. Жоба құны - 700 млн.теңге. Спорт кешенде 5 спорт түрінен (грек-рим, дзюдо, баскетбол, волейбол, бокс) секциялар қамтылған, 202 спортшы жаттығады. Спорт кешен басқарманың теңгерімінеөткізілген.

-Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы «Өтеген батыр Арена» ангар типтегі спорт кешені. Жоба құны - 200 млн. теңге. Кешен футбол, волейбол және баскетбол спорт түрлеріне арналған.

-Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы «Шың Арена»спорт-сауықтыру кешені. Жоба құны - 750 млн.теңге(Оның ішінде 500 млн.теңге жеке инвестиция есебінен тартылған). Нысан тәулігіне 250–300 адамға қызмет көрсетуге есептелген. Кешен 25×10 метрлік жабық бассейн, фитнес-зал, жекпе-жек залы, тренажер залы, йога және стретчинг залдарымен қамтылған. Балалар мен ересектерге арналған жүзу, фитнес, йога, жекпе-жек және жалпы дене дайындық бойынша спорттық секциялар ұйымдастырылған.

- Ұйғыр ауданы, Шошанай ауылындағыспорт кешені.Жоба құны – 300 млн. теңге.Нысан тәулігіне 200 адамға қызмет көрсетуге есептелген. Кешенде заманауи талаптарға сай жабдықталған бокс,футбол, волейбол, күреске арналған залдар және фитнес аймағы қамтылған. Спорт кешен алдағы уақытта басқарманың теңгеріміне өткізіледі.

Талғар ауданындағы «Atletico de Madrid»футбол академиясының құрылысы аяқталып (бірінші кезеңі), 2025 жылы академия өз жұмысын бастады. 2025 жылы тартылған инвестиция көлемі 2,2 млрд.теңге. Академияның тәуліктік қабылдау мүмкіндігі 50-90 адамды құрайды.

Ақпарат үшін: академия «Doscar Group» ЖШС және «Sport Asset Management» қоғамдық бірлестігінің қаражаты есебінен салынған. Академияда 180 орындық жатақхана, заманауи спорт жабдықтарымен жабдықталған жаттығу залы, 25 метрлік жаттығу бассейні, жасанды жабындысы бар, жыл бойы пайдалануға жарамды футбол алаңы қарастырылған. Екінші кезеңінің құрылысының аяқталуы 2027 наурыз айына жоспарланған, құны – 10,47 млрд теңге.

Қосымша құрылысы жүргізілуде:

-«Jeyran» футбол клубының ұсынған жобасы негізінде Қарасай ауданында футбол базасы. Тартылатын инвестиция көлемі 1,5 млрд.теңге.

Ақпарат үшін: Қазіргі таңда футбол базасының құрылысы30% аяқталған. Футбол базасының аймағында спорт залдар, 4 үлкен футбол алаңдары және қонақ үйдің құрылысы қарастырылған. Құрылыстың толық аяқталуы 2027 жылға жоспарланған.

-Талғар қаласындағы Қазақстан футбол федерациясының және Алматы халықаралық әуежайының жеке қаражаты есебінен «KFF Academy by Almaty International Airport»футбол академиясы. Тартылатын инвестиция көлемі 8,2 млрд. теңге.

Ақпарат үшін: Футбол академиясының жалпы ауданы 5 520 м². Нысан 3 негізгі блоктан тұрады. Спорттық (футбол залы, бассейндер, жаттығу алаңдары), әкімшілік (дәрігерлік, асхана, кеңселер), тұрғын (180 орындық жатақхана). Академия FIFA стандарттарына сай заманауи инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі жоспарда.Құрылыс 35% аяқталған.Құрылыстың толық аяқталуы 2027 жылға жоспарланған.

Бұқаралық спорт

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес қазіргі таңда облыста 2747 спорттық іс - шараұйымдастырылды («Ocean man-2026» ашық суда жүзуден халықаралық турнирі, «Жолан жүйрігі - 2025» ат бәйгесі, «Алатау арланы» іріктеу турнирі, мемлекеттік қызметшілер арасындағы XVII Спартакиадасы, «Толағай» алыптар сайысы).

Бұқаралық спортты дамытудағы маңызды жобалардың бірі «Алатау лигасы»2026 жылы бұл лига 4 спорт түрінен(футбол, волейбол, баскетбол, үстел тенисі) өткізілуде және 3 кезеңді қамтиды (аудандық, аймақтық, финалдық).

Ақпарат үшін: I аудандық кезеңі сәуір-мамыр айларында өткізіліп, толық аяқталған. II аймақтық кезеңі қыркүйек – қазан айларында өтуде, III финалдық кезең қараша айына жоспарланған.

Жоба 2024 жылы бастау алған, жоба аясында облыстың әр ауылдық округінен 140 спорт клубтары құрылды. Клубтарда 318 команда жасақталып, 13 мыңнанастам адам қамтылған .

Нәтижесінде, облыста дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 625 735 адамды құрайды Бұл облыс халқының жалпы санының 42,7%. Ағымдағы жылы көрсеткіш 1,3 % өскен(2025 ж. – 41,4%, 642 276адам).

Ұлттық спорт

Ұлттық спорт түрлері бойынша облыста 776 секцияда 45,3 мың. адамтұрақты түрде шұғылданады. Ағымдағы жылы көрсеткіш  2,5 мың.адамғаөскен (2025 жылы - 42,8 мың.адам).

Балалар спорты «Арт спорт»

2026 жылы «Арт спорт» мемлекеттік спорттық тапсырысын іске асыруға 2,5 млрд.теңгебөлінді.

Қазіргі таңда, 83 кәсіпкер жұмыс істеп, 324 спорт секциясында 11 102 балажаттығуда.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар спорты

2026 жылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында спортпен айналысушылар саны 6 371 адамдықұрады. Ағымдағы жылы90 адамғаяғни 14%-дан 15%-ға өсті (2025 ж. -14 %, 6281 адам).

Жарияланған күні

05 қараша 2026

Жаңарту күні

05 қараша 2026

Қызмет бағыты