Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бойынша 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы ақпарат
Көру саны:8
Өнеркәсіп
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2 206,8 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі НКИ – 113,6% (ҚР бойынша – 51 935 млрд теңге, НКИ – 102,9%, ҚР көлеміндегі үлесі – 4,2%, 6-орын).
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымы:
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1 786,5 млрд теңгені құрады, НКИ – 114,3% (ҚР бойынша – 24 161,2 млрд теңге, НКИ – 108,6%, ҚР көлеміндегі үлесі – 7,4%).
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласындағы өндіріс көлемі 233,9 млрд теңгені құрады, НКИ – 114,4% (ҚР бойынша – 24 364,3 млрд теңге, НКИ – 95,7%, ҚР көлеміндегі үлесі – 1,0%).
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондицияланған ауамен жабдықтау көлемі 172,3 млрд теңгені құрады, НКИ – 111,9% (ҚР бойынша – 2 964,9 млрд теңге, НКИ – 112,4%, ҚР көлеміндегі үлесі – 5,8%).
Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызметтер көлемі 14,2 млрд теңгені құрады, НКИ – 126,5% (ҚР бойынша – 444,6 млрд теңге, НКИ – 109,2%, ҚР көлеміндегі үлесі – 3,2%).
Аудандар бөлінісіндегі өнеркәсіптік өндірістің нақты көлем индексі:
- Райымбек ауданы – 157,0%;
- Жамбыл ауданы – 105,0%;
- Еңбекшіқазақ ауданы – 110,4%;
- Қарасай ауданы – 100,0%;
- Іле ауданы – 113,0%;
- Талғар ауданы – 172,9%;
- Балқаш ауданы – 143,8%;
- Қонаев қаласы – 124,7%;
- Алатау қаласы – 90,1%;
- Ұйғыр ауданы – 109,7%;
- Кеген ауданы – 87,4%.
Өңдеу өнеркәсібінің құрылымы:
- Азық-түлік өнімдерін өндіру – 430,9 млрд теңге (өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 24,1%), НКИ – 114,3%;
- Сусындар өндіру – 431,8 млрд теңге (өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 24,2%), НКИ – 88,7%;
- Темекі өнімдерін өндіру – 432,5 млрд теңге (өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 24,2%), НКИ – 122,7%;
- Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 81,9 млрд теңге (үлесі – 4,6%), НКИ – 116,4%;
- Өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру – 118,2 млрд теңге (үлесі – 6,6%), НКИ – 95,9%;
- Металлургия өндірісі – 63,0 млрд теңге (үлесі – 3,5%), НКИ – 166,9%;
- Қағаз өнімдерін өндіру – 45,9 млрд теңге (үлесі – 2,6%), НКИ – 103,9%;
- Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру – 10,7 млрд теңге (үлесі – 0,6%), НКИ – 93,6%;
- Фармацевтикалық өнімдер өндіру – 27,8 млрд теңге (үлесі – 1,6%), НКИ – 120,9%;
- Өзге де салалар (қара металлургия, машина жасау, дайын металл бұйымдарын өндіру, химия, жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі) – 574,7 млрд теңге (үлесі – 32,2%).
Жүйе құраушы кәсіпорындар 1 111,8 млрд теңгенің өнімін өндірді. (Бұл өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 62,2%-ын құрайды).
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 18 жүйе құраушы кәсіпорынның 9-ында өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды.
- «Лукойл Лубрикантс Центральная Азия» ЖШС өнім өндірудің заттай көлемін 29,2%-ға төмендетті, алайда ақшалай мәндегі көлемі 50,1%-ға өсті.
Себебі: өнім шығарудың төмендеуі сұраныстың азаюына және тапсырыс берушілер тарапынан тапсырыстар портфелінің қысқаруына байланысты.
- «RG BRANDS Kazahstan» ЖШС ақшалай мәнде 47,6%-ға, заттай мәнде 49,6%-ға төмендеу көрсетті.
Себебі: Pepsi өнімдеріне қатысты франшизаның қолданылуы тоқтатылып, соның салдарынан сату көлемі қысқарды және компанияның тиісті нарық сегментіндегі үлесі азайды.
- «АзияАгроФуд» ЖШС ақшалай мәнде 14,6%-ға, заттай мәнде 17,0%-ға төмендеу көрсетті.
Себебі: кәсіпорынның ҚХР кедендік тізілімінде болмауына байланысты экспортқа шектеулер қойылып, қоймадағы дайын өнім қорының жиналуына әкелді. Бұған қоса, құс азығын өндіруге көшу кезінде жабдықтарды қайта баптау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде сыртқы және ішкі факторлар өндіріс көлемінің жоспарлы көрсеткіштерден төмендеуіне ықпал етті.
- «Pladis Kazakhstan» ЖШС («Хамле Компани») ақшалай мәнде 18,7%-ға төмендеді, алайда заттай мәнде 22,5%-ға өсу байқалды.
Себебі: бәсекелестік күшейіп, кейбір кәсіпорындар өнім бағасын айтарлықтай төмендету арқылы маркетингтік іс-шаралар жүргізуде. Атап айтқанда, «Марс» компаниясы осындай саясат ұстануда.
- «Эфес Казахстан» БК» АҚ заттай мәнде 2,8%-ға төмендеді, алайда ақшалай мәнде 11,9%-ға өсті.
Себебі: өндіріс көлемінің төмендеуіне дайын өнімді жөнелту кезіндегі қиындықтар, 2026 жылғы сәуір-маусым айларында Сорбұлақ арнасында жүргізілген жөндеу жұмыстары, сондай-ақ QR-кодтар мен штрих-кодтарды басып шығаруға арналған жабдықтарды баптау кезіндегі техникалық мәселелер әсер етті.
- «Кока-Кола Алматы Ботлерс» ЖШС ақшалай мәнде 1,3%-ға, заттай мәнде 16,9%-ға төмендеу көрсетті.
Себебі: өндіріс көлемінің төмендеуіне кәсіпорынның электрмен жабдықтау жүйелерінде орын алған авариялық жағдай себеп болды. Соның салдарынан «АЖК» АҚ-ға тиесілі қолданыстағы кабельдік желілер істен шықты.
Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау біртіндеп тұрақтанып, өндірістік процесс штаттық режимде жалғасуда.
- «Келун Казфарм» ЖШС ақшалай мәнде 31,9%-ға, заттай мәнде 15,3%-ға төмендеді.
Себебі: мамыр-маусым айларында 4 өндірістік желіні жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, өнім шығару көлемі шамамен 60%-ға қысқарды. Сонымен қатар халықаралық GMP сертификатын алу кезіндегі қиындықтар жабдықтарды іске қосу мерзіміне әсер етті.
- «АлЭС» АҚ-ның Қапшағай СЭС-і заттай мәнде 18,4%-ға, ақшалай мәнде 34,6%-ға төмендеу көрсетті.
Себебі: төмендеу Қапшағай су қоймасының су шаруашылығы режимін реттеуге, оның ішінде ауыл шаруашылығының суару қажеттіліктерін қамтамасыз ету және су қоймасындағы су қорын жинақтау мақсатында су ағызу көлемін шектеуге байланысты.
- «Мойнақ СЭС» АҚ ақшалай мәнде 21,6%-ға, заттай мәнде 4,1%-ға төмендеді.
Себебі: электр энергиясын өндіру көлемінің төмендеуіне «Бестөбе» су қоймасындағы су көлемінің азаюы және «Мойнақ су электр станциясында» жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі негізгі себеп болды.
Станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында жабдықтарды жаңғырту, агрегаттардың техникалық жай-күйін жақсарту және электр энергиясын өндіру процестерін оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің өсуі қолданыстағы өндірістердің көлемін ұлғайту және жаңа кәсіпорындарды іске қосу есебінен қамтамасыз етілді.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында жалпы сомасы 42,2 млрд теңгені құрайтын 16 өнеркәсіптік жоба іске қосылып, 3 қолданыстағы өндіріс орны кеңейтілді. Нәтижесінде 590 жұмыс орны құрылды.
Өңдеу өнеркәсібінің өсуі бойынша жоспарланған жылдық нысаналы көрсеткіш 106,9%-ды құрайды. Оған азық-түлік өнімдерін, сусындарды, киімдерді, жиһазды, қағаз және қағаз өнімдерін, фармацевтикалық өнімдерді өндіру көлемін және басқа да өндіріс бағыттарын ұлғайту есебінен қол жеткізу жоспарлануда.
«Шағын өнеркәсіптік аймақ» бағдарламасы бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 6 компания бойынша жалпы сомасы 14,4 млрд теңгеге өтінімдер жолданды (қаржыландыруға тиісті өзгерістер енгізілді).
1. «Alatau Development Park» ЖШС – жиһаз және балалар ойын алаңдарын өндіру, логистика саласы.
- Жер учаскесі – Алатау қаласы, Арна ауылы, 1 га.
- Жоба құны – 2 000 млн теңге.
- Мәртебесі – жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
2. «TSE Build» ЖШС – қойма үй-жайларын салу.
- Жер учаскесі – Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылдық округі, 8,5 га.
- Жоба құны – 1 800 млн теңге.
- Мәртебесі – жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
3. «FrioService» ЖШС – тоңазытқыш жабдықтарына қызмет көрсету цехы мен қойма үй-жайларын салу.
- Жер учаскесі – Іле ауданы, Байсерке ауылы, 0,5 га.
- Жоба құны – 220 млн теңге.
- Мәртебесі – жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
3. Integrity Logistics Ltd жеке компаниясы – жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, ағаш және металл өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру және басқа да бағыттар бойынша өндіріс орындарын құру.
- Жер учаскесі – Алатау қаласындағы 236 гектар аумақтың ішінен 5 га.
- Жоба құны – 9 043 млн теңге.
- Мәртебесі – жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілуде, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
4. «Сарым ПромБазы» ЖШС – қолданыстағы ғимаратты реконструкциялау және оның аумағын 1 500 шаршы метрден 3 000 шаршы метрге дейін ұлғайту арқылы консервіленген өнім өндіретін зауыт салу.
- Жер учаскесі – Қаскелең қаласы, 2,1 га.
- Жоба құны – 600 млн теңге.
-Мәртебесі – эскиздік жоба келісілген, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
5. «Фабрика Алатау» ЖШС – өңдеу өнеркәсібі субъектілеріне өндірістік және әкімшілік алаңдарды ұсыну арқылы шағын өнеркәсіптік аймақ құру.
- Жер учаскесі – жалпы ауданы 2 га болатын 2 учаске, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі, Көкөзек ауылы, Қарасу орамы, № 4152 және № 4157 учаскелер.
- Жоба құны – 700 млн теңге.
- Мәртебесі – жұмыс сметасы әзірленді.
Қазіргі уақытта облыстың Индустрияландырудың бірыңғай картасына жалпы инвестиция көлемі 296,0 млрд теңгені құрайтын және 1 713-тен астам жұмыс орнын құруды көздейтін 26 жоба енгізілген.
Анықтама:
1) «Шин Лайн» ЖШС – балмұздақ өндіретін зауыттың бірінші кезеңін салу. Жоба құны – 15,4 млрд теңге. Пайдалану кезеңінде 90 жұмыс орны ашылады.
2) «Энергия Семиречья» ЖШС – Шелек дәлізінде жел электр станциясын салу. Жоба құны – 39,0 млрд теңге. Пайдалану кезеңінде 30 жұмыс орны ашылады.
3) «Аметист - 2012БР» ЖШС – тәжірибелік-өнеркәсіптік фабрика базасында Доре алтын-күміс қорытпасын өндіретін гидрометаллургиялық цех салу. Жоба құны – 774,0 млн теңге. Пайдалану кезеңінде 127 жұмыс орны ашылады.
4) «Smart Drinks» ЖШС – алюминий банкаларға алкогольсіз сусындарды құю бойынша жаңа өндірістік қуаттарды құру. Жоба құны – 1 935,17 млн теңге. Пайдалану кезеңінде 6 жұмыс орны ашылады.
5) «Прима Құс» ЖШС – толық циклді құс кешенін салу. Жоба құны – 63 543,0 млн теңге. Пайдалану кезеңінде 7 жұмыс орны ашылады.
6) «ТК Газоблок» ЖШС – автоклавты газоблок өндіретін құрылыс материалдары өндірісі кешенін салу. Жоба құны – 7 262,0 млн теңге. Пайдалану кезеңінде 50 жұмыс орны ашылады.
7) «KZ Recycling» ЖШС – Алматы облысындағы гофроқаптама өндіру желісін жаңғырту. Жоба құны – 5 142,3 млн теңге. Пайдалану кезеңінде 61 жұмыс орны ашылады.
8) «Мекада» ЖШС – металл конструкцияларынан тез құрастырылатын ғимараттар мен құрылыстар өндіру. Жоба құны – 300,0 млн теңге. 34 жұмыс орны ашылады.
9) «ПК Алтын Таға» ЖШС – индустриялық-өндірістік кешен құру. Инвестиция көлемі – 47 887,0 млн теңге. 50 жұмыс орны ашылады. Жобалық қуаты – жылына 591 мың м³. Орналасқан жері – Қарасай ауданы.
10) «PVD.KZ» ЖШС – көпқабатты үлдірлер өндіру жобасын жаңғырту. Инвестиция көлемі – 5,0 млрд теңге. 34 жұмыс орны ашылады. Жобалық қуаты – жылына 6 000 тонна. Орналасқан жері – Қарасай ауданы.
11) «MEISTER COMPANY» ЖШС – құрғақ құрылыс қоспалары мен әрлеу материалдарын өндіретін зауыт салу. Жоба құны – 3 076,1 млн теңге. Пайдалану кезеңінде 48 жұмыс орны ашылады.
12) «ПК Alfafa.kz» ЖШС – жоңышқа өсіру және түйіршіктер өндіру. Жоба құны – 5,0 млрд теңге. Пайдалану кезеңінде 27 жұмыс орны ашылады.
13) «Өндірістік-құрылыс компаниясы Арна» ЖШС – PUR/PIR панельдері мен минералды мақтадан жасалған панельдер өндіретін технологиялық зауыт салу. Жоба құны – 3,2 млрд теңге. Пайдалану кезеңінде 33 жұмыс орны ашылады.
14) «КЗТА – Қазақстандық құбыр арматурасы зауыты» ЖШС – Қазақстан Республикасында бекіту арматурасын өндіруді оқшаулау. Жоба құны – 8 млрд теңге. Пайдалану кезеңінде 200 жұмыс орны ашылады.
15) «ETASA Fiber» ЖШС – жылдық қуаты 2 млн шаршы метр болатын талшықты цемент панельдерін өндіретін зауыт салу. Жоба құны – 6 млрд теңге. Пайдалану кезеңінде 90 жұмыс орны ашылады.
16) «Asar Building Mixes» ЖШС – құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу. Жоба құны – 972 млн теңге. Пайдалану кезеңінде 42 жұмыс орны ашылады.
17) «Run Planet» ЖШС – алма өңдеу өндірісін ұйымдастыру. Жоба құны – 1,1 млрд теңге. Пайдалану кезеңінде 27 жұмыс орны ашылады.
18) «АВЗ» ЖШС – мұнай-газ саласына арналған өнімдер шығаруды ұлғайту мақсатында зауытты жаңғырту және кеңейту. Жоба құны – 950 млн теңге. Пайдалану кезеңінде 65 жұмыс орны ашылады.
19) «Гулстан Алатау» ЖШС – қаптама кірпіш өндіретін зауыт салу. Жоба құны – 15,5 млрд теңге. 100 жұмыс орны ашылады.
20) «Туздыбастау» ЖШС – Кеген ауданындағы «Шол-Адыр» минералды тұз кен орны базасында натрий сульфаты зауытын салу. Жоба құны – 6,6 млрд теңге. 79 жұмыс орны ашылады.
21) «МКС INVEST GROUP» ЖШС – құрылыс қалдықтарын өңдеп, дайын өнім шығаратын зауыт салу. Жоба құны – 2,8 млрд теңге. 80 жұмыс орны ашылады.
22) «МКС INVEST GROUP» ЖШС – темірбетон бұйымдары мен металл конструкцияларын өндіретін зауыт салу. Жоба құны – 4,3 млрд теңге. 92 жұмыс орны ашылады.
23) «МКС INVEST GROUP» ЖШС – көбіккерамикалық блоктар өндіретін зауыт салу. Жоба құны – 3,0 млрд теңге. 65 жұмыс орны ашылады.
24) «МКС INVEST GROUP» ЖШС – алюминий профильдері мен шыныпакеттер өндіретін зауыт салу. Жоба құны – 3,4 млрд теңге. 56 жұмыс орны ашылады.
25) «Фабрика «Алатау» ЖШС – киім өндіретін зауыт салу. Жоба құны – 0,5 млрд теңге. 500 жұмыс орны ашылады.
26) «KAZGELATIN» ЖШС – тағамдық халал желатин өндіретін зауыт салу. Жоба құны – 58,0 млрд теңге. 100 жұмыс орны ашылады.
Сауда
2026 жылы облыс бойынша қызмет көрсету және ішкі сауда көлемі 2 498,1 млрд теңгені немесе 2025 жылмен салыстырғанда 107,2%-ды құрайды (2025 жылы – 2 486,0 млрд теңге).
Оның ішінде:
2026 жылы бөлшек сауда көлемі 975,7 млрд теңгені немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 105,3%-ды құрайды (2025 жылы – 969,0 млрд теңге);
көтерме сауда көлемі 1 512,4 млн теңгені немесе 2025 жылмен салыстырғанда 109,2%-ды құрайды (2025 жылы – 1 505,0 млрд теңге).
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сауда көлемі 1 895,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 120,5%-ды құрайды (2025 жылы – 1 429,5 млрд теңге).
Оның ішінде:
бөлшек сауда көлемі – 711,0 млрд теңге немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 113,2% (2025 жылы – 575,5 млрд теңге). ҚР көлеміндегі үлесі – 3,6%;
көтерме сауда көлемі – 1 172,4 млн теңге немесе 2025 жылмен салыстырғанда 125,4% (2025 жылы – 845,3 млрд теңге). ҚР көлеміндегі үлесі – 2,9%.
Өсім азық-түлік тауарларының бөлшек саудада өткізілуі, тұтыну тауарларының, азық-түлік өнімдерінің және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда кәсіпорындары мен ұйымдары арқылы көтерме саудада сатылуы есебінен қамтамасыз етілуде.
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша көтерме және бөлшек саудамен, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеумен айналысатын заңды тұлғалардың саны 67 594 бірлікті құрады.
Облыста 56 базар бар. Олардың жалпы ауданы – 1 195 мың шаршы метр, сауда орындарының саны – 17 221. 9 базарды жаңғырту жоспарланған.
Кәсіпкерлікті қолдау
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 131,5 мың бірлікті құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға төмен.
Анықтама:
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санының төмендеуі техникалық сипатқа ие және нарықты сапалық тұрғыдан сауықтырумен байланысты. ҚР Салық кодексінің жаңа нормалары кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде жүргізбеген («ұйқыдағы» жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) кәсіпкерлерді өз бизнесін ресми түрде жабуға ынталандырды.
Нәтижесінде тізілім жалған субъектілерден және жасанды түрде бөлшектелген компаниялардан тазартылып, шағын және орта кәсіпкерлік секторында нақты жұмыс істейтін, экономикалық белсенді субъектілер ғана қалды.
2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша осы секторда 242,2 мың адам жұмыспен қамтылды. Олар өндірген өнім көлемі 1,1 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6%-ға жоғары (994,5 млрд теңге).
Ағымдағы жылдың 8 айында олардың қызметінен бюджетке 149,6 млрд теңге салық түсті (2025 жылы – 152,9 млрд теңге).
2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 48,0%-ды құрады (ҚР бойынша – 38,7%).
Ағымдағы жылы шағын және орта бизнесті қолдау үшін жергілікті бюджеттен 3,3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:
- пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 2,6 млрд теңге;
- кепілдік беруге – 500,0 млн теңге;
- әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне грант беруге – 200,0 млн теңге.
9 айдың қорытындысы бойынша «Іскер аймақ» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралы бойынша жалпы кредит сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын 17 жоба қолдау тапты.
Сонымен қатар қолданыстағы міндеттемелер бойынша жалпы кредит сомасы 210,7 млрд теңгені құрайтын 1 512 жобаға субсидия төленуде.
Анықтама: 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 522,2 млрд теңгені құрайтын 1 704 кәсіпкерлік субъектісі қолдау алды. Оның ішінде:
- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – кредит сомасы 516,2 млрд теңгені құрайтын 1 584 жоба;
- кепілдік беру бойынша – 5,8 млрд теңге сомасына 92 жоба;
- әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне грант беру бойынша – жалпы сомасы 139,9 млн теңгені құрайтын 28 жоба мақұлданды.
Инвестициялық қызмет
2026 жылға негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 1 трлн 589,9 млрд теңге мөлшерінде жоспарланған. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 901,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Өсім – 11,8% (ҚР бойынша – 108,1%).
Тоғыз айға арналған жоспар 96,5%-ға орындалды (жоспар – 934,7 млрд теңге), жылдық жоспардың орындалуы 66,5%-ды құрады (жылдық жоспар – 1 589,9 млрд теңге).
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жеке қаражат есебінен 779,3 млрд теңге игерілді. Бұл инвестициялардың жалпы көлемінің 86,4%-ын құрайды. (Бюджет қаражаты – 122,3 млрд теңге.)
Атап айтқанда, өсім «Ассем Калжат» компаниясы (3,2 млрд теңге), «Big City Market» ЖШС (6,0 млрд теңге), «Novus Polimer» ЖШС (4,7 млрд теңге), «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС (3,0 млрд теңге), «ААA INDUSTRIAL GROUP» (1,3 млрд теңге), «DSF TRADING CO» ЖШС (1,0 млрд теңге), «ЕВРАЗИЙСКИЙ ЛОГИСТИЧЕСКИЙ ПАРК» (3,2 млрд теңге), «SAN tyres» ЖШС (2,0 млрд теңге), «Ыстык уя» ЖШС (2,0 млрд теңге) және басқа да кәсіпорындардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілді.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша инвестиция тарту үшін ең тартымды салалар мыналар болып табылады: өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, ақпарат және байланыс, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, өнер, ойын-сауық және демалыс, ауыл шаруашылығы және құрылыс.
Ағымдағы жылдың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланған 120 инвестициялық жобадан тұратын бірыңғай өзектендірілген пул қалыптастырылды.
Жобалардың жалпы құны 788,5 млрд теңгені құрайды. Оларды іске асыру нәтижесінде 12,1 мың жұмыс орнын құру көзделген.
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 361,1 млрд теңгені құрайтын 48 жоба пайдалануға беріліп, 4 395 жұмыс орны құрылды (кесте қоса беріледі).
Ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы сомасы 248,3 млрд теңгені құрайтын тағы 59 жобаны іске қосу жоспарлануда. Нәтижесінде 5,1 мың жұмыс орны ашылады.
19 нысанды пайдалануға беру мерзімі келесі жылға ауыстырылады. (Олардың жалпы құны – 179,1 млрд теңге, жұмыс орындарының саны – 2 573.)
Жалпы, облыстың инвестициялық портфелі 7,0 трлн теңгеден астам сомаға 315 жобаны қамтиды. Оларды іске асыру нәтижесінде 175,0 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Оның ішінде 75 жоба шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылуда. (Бұл жобалардың жалпы құны – 3,6 трлн теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны – 63,8 мыңнан астам.)
2026 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға (ҰЦИП) жалпы инвестиция көлемі 3,6 трлн теңгені құрайтын 164 жоба енгізілді. Оларды іске асыру нәтижесінде 47 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
Ағымдағы жылы ҰЦИП құрамындағы жобалардың ішінен жалпы сомасы 936 млрд теңгені құрайтын 45 жобаны іске қосу жоспарлануда. Нәтижесінде 9 мың жұмыс орны ашылады.
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 240,7 млрд теңгені құрайтын 13 жоба пайдалануға беріліп, 4 037 жұмыс орны құрылды.
Іске қосылған жобалар:
1) «MP Solutions» ЖШС – «А» класындағы логистикалық кешен салу. Инвестиция көлемі – 80,0 млрд теңге, жұмыс орындарының саны – 300. Орналасқан жері – Қарасай ауданы.
2) «Туранга групп» ЖШС – Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экотуризмді тұрақты дамыту жобасы. Инвестиция көлемі – 1,2 млрд теңге, жұмыс орындарының саны – 80. Орналасқан жері – Еңбекшіқазақ ауданы.
3) «Исткомтранс» ЖШС – көлік-логистикалық орталық салу. Инвестиция көлемі – 43 млрд теңге, жұмыс орындарының саны – 217. Орналасқан жері – Алатау қаласы.
4) «TAMA Caps» ЖШС – кофе машиналарына арналған алюминий капсулаларын өндіретін зауыт салу. Инвестиция көлемі – 1,6 млрд теңге, жұмыс орындарының саны – 18. Орналасқан жері – Талғар ауданы.
5) «ALIM BILIM ORTALYGY» ЖШС – 380 орындық мектеп салу. Инвестиция көлемі – 0,783 млрд теңге, жұмыс орындарының саны – 30. Орналасқан жері – Қарасай ауданы.
6) «Чунджа Фрутс» ЖШС – сүйекті жеміс ағаштарының бағын отырғызу және өсіру. Инвестиция көлемі – 0,68 млрд теңге, жұмыс орындарының саны – 14. Орналасқан жері – Ұйғыр ауданы.
7) «Прима Құс» ЖШС – құс етін өндіру жобасының екінші кезеңі. Инвестиция көлемі – 33,5 млрд теңге, жұмыс орындарының саны – 500. Орналасқан жері – Ұйғыр ауданы.
8) «Qazaq global food» ЖШС – жемістер мен көкөністерді өңдеу, жеміс шырындарының концентраттарын, көкөніс және жеміс езбелерін өндіру, сақтау және қаптау инфрақұрылымы бар зауыт салу. Инвестиция көлемі – 9,1 млрд теңге, жұмыс орындарының саны – 56. Орналасқан жері – Еңбекшіқазақ ауданы.
9) «Laguna Properties» ЖШС – ASP CLUB спорттық-сауықтыру кешенін салу. Инвестиция көлемі – 10,7 млрд теңге, жұмыс орындарының саны – 82. Орналасқан жері – Алатау қаласы.
10) «ҚАПШАҒАЙ БИДАЙ ӨНІМДЕРІ» ЖШС – астық өңдеу кешенін салу. Инвестиция көлемі – 12 млрд теңге, жұмыс орындарының саны – 500. Орналасқан жері – Қонаев қаласы.
11) «Платформа Плюс» ЖШС – «А» класындағы қоймалары бар логистикалық орталық салу. Инвестиция көлемі – 28 млрд теңге, жұмыс орындарының саны – 100. Орналасқан жері – Іле ауданы.
12) «Oi-Qaragai» ЖШС – «Oi-Qaragai» курортын кеңейту және дамыту. Инвестиция көлемі – 17 млрд теңге, жұмыс орындарының саны – 1 200.
13) «ЭФЕС Казахстан» ЖШС – құю желісінің өнімділігін арттыру. Инвестиция көлемі – 2 млрд теңге, жұмыс орындарының саны – 860.
Жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) 17 отырысы өткізіліп, 143 жоба қаралды. Оның ішінде 138 жоба мақұлданды. Олардың 27-сін индустриялық аймақтарға орналастыру, ал 96-сын инвестициялық мәртебе алуға ұсыну жоспарланған.
Өңірлік үйлестіру кеңесі (ӨҮК) 5 жоба бойынша бас тарту туралы шешім қабылдады: «HX Global Logistics» ЖШС-нің логистикалық-өндірістік кешен құру жобасы; «Гудвуд» ЖШС-нің «AlenPark» отбасылық демалыс курортын құру жобасы; «Metal Create» ЖШС-нің Алматы облысында болатты ыстықтай үздіксіз мырыштау және орамды болатты бояу жөніндегі өндірістік кешен салу жобасы; «AZURE CLOUD» ЖШС-нің «Шелек» индустриялық аймағында темекі өнімдерін өндіретін өндірістік кәсіпорын салу жобасы; «KazSino Quarry Group» ЖШС-нің Қонаев қаласында жыл бойы жұмыс істейтін демалыс аймағын салу жобасы; сондай-ақ «Экологиялық мониторинг орталығы» ЖШС-нің жаңа жағажай аймағын құруды қоса алғанда, «Sunny Day» демалыс аймағын жаңғырту және кеңейту жобасы.
Сонымен қатар 15 жоба бойынша инвестициялық мәртебе кері қайтарып алынды. Олардың қатарында «Транстелеком» АҚ, «Алтын жидек Агро» ЖШС, «AGRO Bionics» ЖШС, «GASSOIL M.A.» ЖШС, «Central Asia Commercial Industrial Co., LTD» ЖШС, «BULGARYIMP. &EXP. TRADE» ЖШС, «Sport Time» ЖШС, «АЛАЗстрой» ЖШС, «BELES AGRO KZ» ЖШС, «Нурболашак Жасел» ЖШС, «Xingtai» («Синтай») ЖШС, «Ili river port» ЖШС, «Konaev Hotel Management» ЖШС, «KAZIND Medical Group» ЖШС және «ADC TAZA A’LEM» ЖШС бар.
Өңірлік инвестициялық штабтың жұмысы жалғасуда. Ағымдағы жылы облыстық басқармалардың, аудан және қала әкімдерінің, сондай-ақ инвесторлардың қатысуымен 6 отырыс өткізіліп, инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты проблемалық мәселелер қаралды. Салыстыру үшін: (2025 жылы – 8 отырыс, 2024 жылы – 6 отырыс өткізілді.)
2026 жылдың бірінші және екінші тоқсандарының қорытындысы бойынша облысқа тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 592,7 млн АҚШ долларын құрады. Осылайша, жылдық жоспардың орындалуы 110,0%-ға жетті. 2026 жылға тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың нысаналы көрсеткіші 539 млн АҚШ доллары көлемінде белгіленген.
2026 жылы трансұлттық компаниялардың жобаларын іске қосу және қолданыстағы жобалардың белсенді құрылыс кезеңіне өтуі есебінен инвестициялар көлемінің ұлғаюы күтілуде.
Алдағы кезеңдегі жұмыс бағыттары:
1. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясаты тұжырымдамасы шеңберінде негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету;
2. Облыста іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу, перспективалы және іске асырылып жатқан жобалардың жай-күйі туралы мәліметтерді ай сайын жаңартып отыру;
3. Өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және отырыстарын өткізу;
4. облыстың индустриялық аймақтарында орналастырылған инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;
5. инвестиция тарту, бизнес-климатты жақсарту және өңірді дамыту мақсатында халықаралық бизнес-форум өткізу.
Жер қойнауын пайдалану
Облыста кең таралған пайдалы қазбаларды (КПҚ) өндіретін барлығы 309 қолданыстағы карьер бар. Оның ішінде 130-ы келісімшарттар, 149-ы лицензиялар, 12-сі рұқсаттар және 18-і старательдік қызмет негізінде жұмыс істейді.
Анықтама: Жамбыл ауданы – 66, Еңбекшіқазақ ауданы – 62, Алатау қаласы – 33, Іле ауданы – 25, Қонаев қаласы – 57, Райымбек ауданы – 17, Қарасай ауданы – 14, Ұйғыр ауданы – 18, Талғар ауданы – 10, Кеген ауданы – 4, Балқаш ауданы – 1.
Облыста кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген жер қойнауын пайдалану құқығының 116 жағдайы тоқтатылды. Оның ішінде 40 келісімшарт, 13 лицензия, 55 рұқсат және старательдік қызметке берілген 8 лицензия бар.
Анықтама: Еңбекшіқазақ ауданы – 7, Жамбыл ауданы – 50, Іле ауданы – 21, Қарасай ауданы – 10, Райымбек ауданы – 9, Талғар ауданы – 8, Ұйғыр ауданы – 2, Қонаев қаласы – 3, Алатау қаласы – 6.
Жыл басынан бері Басқарма 55 жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану құқығын берді. Оның ішінде 43 лицензия және 12 рұқсат берілді.
Анықтама: 2025 жылы жер қойнауын пайдалану құқығы 56 жағдайда берілді. Оның ішінде 23 лицензия, 17 рұқсат және старательдік қызметке арналған 16 лицензия бар.
Жыл басынан бері 7 жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылды.
Анықтама: 2025 жылы жер қойнауын пайдалану құқығы 84 жағдайда тоқтатылды. Оның ішінде 23 лицензия және 61 рұқсат бар.
Жер қойнауын пайдалану салдарларын жою жұмыстары:
Жыл басынан бері Басқарма 26 объект бойынша өндіру салдарларын жою жұмыстарын қабылдады. Оның ішінде 14 объектіде өндіру жұмыстары жүргізілген, ал 12 объектіде өндіру салдарлары анықталған жоқ.
Анықтама: 2025 жылы 11 объект бойынша жұмыс жүргізілді. Оның ішінде 4 жою актісі және 7 тексеру актісі рәсімделді.
Басқарма жер қойнауын пайдалану салдарларын жою бойынша 66 талап-арыз берді. Оның ішінде 62 талап-арыз қанағаттандырылды (қазіргі уақытта 2 талап орындалған, 60 талап орындалмаған), 3 іс медиация тәртібімен шешіліп, қазіргі уақытта орындалған.
- 31 объект бойынша сот актілерін мәжбүрлеп орындату мақсатында атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініштер әділет органдарына жолданды.
Қазіргі уақытқа дейін мәжбүрлеп орындату органдары жою жұмыстарын көздейтін 5 сот актісінің орындалуын аяқтады. Қалған 26 сот актісі орындалу сатысында.
- 5 объект бойынша салдарларды жою жұмыстарын жүргізу мерзімі әлі аяқталған жоқ.
Заңсыз өндіруге қарсы күрес:
2026 жылы Басқарма өңір аумағында жер қойнауын пайдалану қызметін бақылау және кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Осы функцияларды сапалы орындауды қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылы бюджеттен маркшейдерлік қызметтерді мемлекеттік сатып алуға 54,5 млн теңге бөлінді.
Аталған қаражат облыс аумағындағы 50 карьерге жоғары дәлдіктегі аспаптық зерттеу жүргізуге бағытталған. Бұл бұзушылықтарды жедел анықтауға, заңсыз алынған ресурстар көлемін тіркеуге және (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 тамыздағы № 457 бірлескен бұйрығымен бекітілген) Жер қойнауы ресурстарына келтірілген залалды экономикалық бағалау әдістемесінің 17-тармағына сәйкес мемлекетке келтірілген залалды өз бетінше есептеуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы мониторинг аясында 2026 жылғы мамырда Басқарма маркшейдер мамандарымен бірлесіп, заңсыз өндіру орындарына барып, алынған шикізат көлемін анықтау және келтірілген залалды есептеу жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 22 мамырда Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасының ресми хаты негізінде Талғар өзенінің бойына тексеру жүргізілді. Аспаптық өлшеу нәтижелері мен жасалған маркшейдерлік актіге сәйкес заңсыз өндірілген балласт көлемі 4 332,6 м³ құрады.
Осы деректер негізінде Басқарма мемлекетке келтірілген экономикалық залалды жедел есептеп, оның сомасын 5,0 млн теңге деп белгіледі. Есеп қылмыстық іс материалдарына қосу үшін полиция департаментіне ресми түрде жолданды.
Сол күні, 2026 жылғы 22 мамырда, Талғар ауданы Тұздыбастау ауылы тұрғындарының ресми өтініші негізінде жұмыс тобы таудың заңсыз кесілуі фактісі бойынша тексеру жүргізді.
Маркшейдерлік актіге сәйкес заңсыз өндірілген саздақ көлемі 11 783,1 м³ құрады. Басқарма есептеген мемлекетке келтірілген экономикалық залал сомасы 15,4 млн теңгені құрады.
Аталған есеп кейіннен істің материалдарына қосу үшін полиция департаментіне жолдау мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратына ресми түрде берілді.
Осылайша, көрсетілген екі факті бойынша мемлекетке келтірілген жалпы сомасы 20,3 млн теңгеден асатын залал анықталып, есептелді.
Мемлекеттік қызметтер:
Жыл басынан бері Басқарма 209 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Оның ішінде:
- «Алдағы құрылыс учаскесінің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе олардың мардымсыздығы туралы қорытынды беру» – 208 қызмет. Оның ішінде 186 қорытынды беріліп, 17 қызмет көрсетуден бас тартылды.
- «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» – 25 қызмет. Оның ішінде 21 рұқсат беріліп, 4 қызмет көрсетуден бас тартылды.
- «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы кепілінің шартын тіркеу» – 1 қызмет көрсетілді.
Анықтама: 2025 жылы Басқарма 238 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Оның ішінде:
- «Алдағы құрылыс учаскесінің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе олардың мардымсыздығы туралы қорытынды беру» – 137 қызмет. Оның ішінде 125 қорытынды беріліп, 12 қызмет көрсетуден бас тартылды.
- «Старательдік қызметке лицензия беру» – 16 қызмет. Оның ішінде 6 лицензия беріліп, 10 қызмет көрсетуден бас тартылды.
2026 жылдың соңына дейінгі жоспарлар
2026 жылдың соңына дейін жер қойнауын ұтымды әрі заңды пайдалануды қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіне бақылауды күшейту және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру жоспарлануда.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
- Жамбыл ауданы Қарғалы ауылдық округінің аумағында орналасқан жер қойнауын пайдалану объектілерінің 14-іне маркшейдерлік зерттеу жүргізу. Мақсаты – жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық және лицензиялық талаптарды сақтауын тексеру, оның ішінде тау-кен бөлу шекарасынан шығу фактілерін анықтау, кең таралған пайдалы қазбалардың нақты өндірілген көлемін белгілеу және өзге де ықтимал бұзушылықтарды анықтау.
- Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 8 мамырдағы № 286-VIII ҚРЗ «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкес Алатау қаласының аумағында орналасқан жер қойнауын пайдаланушылардың жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарының бар-жоғына мониторинг жүргізу. Мониторинг нәтижесінде заңнамада көзделген негіздер анықталған жағдайда тиісті шаралар, оның ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату немесе кері қайтарып алу шаралары қабылданады.
- Карьерлердің нақты жай-күйін бағалау, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеру, өндіру жұмыстарының жүргізілу белгілерін анықтау және ықтимал бұзушылықтарды белгілеу мақсатында жер қойнауын пайдалану объектілерінің 91-іне визуалды тексеру жүргізу.
05 қараша 2026
05 қараша 2026