Білім саласындағы 9 ай қорытындысы бойынша ақпарат
Көру саны:14
Білім саласы бойынша анықтама
Алматы облысы бойынша 2026-2027 оқу жылында 1759 білім беру нысаны жұмыс атқарады: 497 жалпы білім беретін мектеп, 1 150 мектепке дейінгі мекеме, 2 кешкі мектеп, түзеу мекемелеріндегі 4 жалпы білім беретін мектеп, 41 колледж, 34 қосымша білім беру ұйымы, 3 арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығы (оның 2-уі жекеменшік), 9 психолого-медициналық-педагогикалық консультациясы, 13 коррекциялық түзету кабинеті, 3 арнайы мектеп-интернаты, 3 оқу-өндірістік комбинаты.
Бөлінген бюджет
2026 жылы білім беру саласын қаржыландыруға 458,2 млрд. теңге бөлінді (2025 жылы – 494,5 млрд теңге, немесе 92,6%).
2026 жылы міндетті шығыстарға 434,1 млрд. теңге қарастырылған, бұл шығыстардың жалпы көлемінің 94,7%-ын құрайды, оның ішінде:
Еңбекақы қоры – 302,9 млрд. теңге (66,1%);
Білім беру объектілерін күтіп-ұстауға – 110,6 млрд. теңге (24,1%);
Оқушыларды тамақтандыру мен тасымалдауға (подвоз) – 20,6 млрд. теңге (4,5%).
2026 жылы білім беруді дамытуға арналған шығыстар 24,1 млрд теңгені (шығыстардың жалпы көлемінің 5,3%-ы) құрайды, оның ішінде:
Лизингтік төлемдер – 351,7 млн. теңге;
Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық базамен жарақтандыруға – 1,5 млрд. теңге;
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға – 2,8 млрд. теңге;
Білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге –13,0 млрд. теңге;
Білім беру объектілерін салуға – 6,4 млрд. теңге.
Білім беру саласын қаржыландырудың ауқымды көлемін ескере отырып, ақпараттың дәлдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, қаражаттың мақсатты игерілуін бақылау, сондай-ақ адам факторына байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында барлық жүйелермен интеграцияланған «Есеп» бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу жүргізілуде.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Мектепке дейінгі білім беру желісі 1 150 ұйымнан тұрады: 101 мемлекеттік, 983 жекеменшік, мектептер жанындағы 66 шағын орталық (2 жекеменшік шағын орталық). Оларда 92 900 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту деңгейі:
- 2 жастан 6 жасқа дейін – 94%;
- 3 жастан 6 жасқа дейін – 96,3%.
Мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілік 3 293 баланы құрайды, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар – 1 800.
Анықтама үшін: бүгінгі күнге Алматы облысына қарасты 2 185 орынға арналған 33 жекеменшік балабақша мемлекеттік тапсырыссыз жұмыс істеп келеді.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар саны – 7 099 (мемлекеттік балабақшада 2 334 (32,9%) педагог, жекеменшік балабақшада 4 765 (67,1%) педагог).
Педагогтердің біліктілік санаты бойынша жаңа форматтағы біліктілік санаты бар педагогтер саны – 2004 (28,2%). Бұл көрсеткіш 2025 жылы педагогтердің біліктілік санаты бойынша кәсіби біліктілік деңгейі 21,1%-ды құраса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 7,1%-ға өсіп, 28,2% болды.
Оның ішінде, мемлекеттік-1349, жекеменшік-554, шағын орталық-101 педагог.
Педагог- модератор - 1516 (74,6 %);
Педагог-сарапшы - 396 (19,7%);
Педагог-зерттеуші - 90 (4,9%);
Педагог-шебер - 2 (0,09 %).
Өңірде 600-ге жуық кадр тапшылығы мәселесі де бар, оның 90% пайызы жекеменшік балабақшада.
Анықтама үшін: Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтарға қажеттілік – 123 орын, ал жекеменшік балабақшаларда – 477 орын, бұл вакансиялардың 90%-ы (477орын) жекеменшік секторға тиесілі екенін көрсетеді.
Ең өткір кадр тапшылығы Талғар ауданында, Іле ауданында және Қарасай ауданында байқалады.
Сонымен қатар, жекеменшік балабақшаларда 123 басшысының бос орны анықталған, ал қазіргі басшы мамандардың тек 20%-ы аттестациядан өткен: бірінші санатқа – 0%, екінші санатқа – 1,8%, үшінші санатқа – 7,2%.
2025 жылдың маусым айынан бастап Қонаев қаласында 24 мектепке дейінгі ұйымдарда (7 мемлекеттік балабақшада -1570 орынға, 17 жекеменшік балабақшаға -1700 орынға) 2 951 орынға арналған ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы іске қосылды.
Анықтама үшін: Қонаев қаласында – 2704 орын, Шеңгелді ауылында – 150 орын, Кербұлақ ауылында – 97 орын.
Мектепке дейінгі ұйымдардың бір бөлігі 2025 жылдың маусым айында, ал қалғандары 2025 жылдың шілде айында ваучерлік қаржыландыруға көшірілді. Мұны іске асыруға 20 745 мың теңге бөлінді.
Сонымен қатар, балабақшаға бара алмай жүрген балалардың ата-аналарына көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беру мақсатында 365 кеңес беру орталығы іске қосылса, «Балақайлар мектебі» жобасы аясында 7223 бала мектепке дейінгі даярлықтан өтті (2025 жылы 4788 бала).
Ағымдағы жылы облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 298 отбасынан шыққан жекелеген санаттадағы 583 бала тегін тамақтанумен қамтылып отыр.
2026 жылы мектепке дейінгі ұйымдарға 70,9 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде 2,2 млрд. теңге ваучерлік қаржыландыруға бағытталды.
Проблемалық мәселелер:
2026 жылы маслихат отырысында жаңа орындар ашу бойынша бюджеттік өтінімнің қолдау таппауына байланысты конкурс өткізілмеді.
Облыстың 9 ауданы мен Қонаев қаласында электронды табельдеу форматындаа жүзеге асырылады (95,3 %).
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап (2024, 2025, 2026 жылдары тіркелген) 380 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын балабақшалар міндетті лицензиялауға көшеді.
Орта білім
Орта білім беру ұйымдарының желісі 497 мектепті құрайды, ондағы жалпы оқушылар саны - 388 710
447 мемлекеттік мектеп (контингенті – 369 952 оқушы);
50 жекеменшік мектеп (контингенті – 18 758 оқушы).
447 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің ішінде қазақ тілінде оқытатын - 252 мектеп (оқушы саны – 171 835), орыс тілінде – 1 (оқушы саны – 1 998), аралас тілде – 192 (оқушы саны – 195 230), ұйғыр тілінде - 2 мектеп бар (оқушы саны – 889).
Өткен оқу жылымен салыстырғанда мемлекеттік мектептердегі оқушылар контингенті 11 358 балаға артты (2025–2026 оқу жылында оқушылар саны – 377 352).
Анықтама үшін: Алматы облысы бойынша оқушылар саны жыл сайын шамамен 7-10 мың балаға артып келуде (2023–2024 оқу жылы — 342 499, 2024–2025 оқу жылы — 352 103, 2025–2026 оқу жылы — 359 267, 2026-2027 оқу жылы – 369 952).
Талдау нәтижесі көрсеткендей, жыл сайын шамамен 18 мыңға жуық оқушы 11-сыныпты аяқтаса (2023–2024 оқу жылында — 16738 түлек, 2024–2025 оқу жылында — 18633 түлек; 2025-2026 оқу жылында - 18722),
1-сыныпқа 35 000-нан астам бала қабылданады (2024–2025 оқу жылы — 35 062, 2025–2026 оқу жылы — 34977; 2026-2027 оқу жылында – 37 004 оқушы). Бұл жағдай оқушылар контингентінің өсуіне әкелуде.
Сонымен қатар, 2025–2026 оқу жылының басында еліміздің басқа өңірлерінен — 7 750 оқушы, шетелден — 1 689 оқушы келді. Алдыңғы оқу жылында ҚР өңірлерінен және шетелден барлығы 6 064 бала келген.
Ауылды жерде орналасқан 389 (87%) мектепте 308 135 оқушы білім алса, 58 (13%) қала мектептерінде 59 499 оқушы, 85 (19%) шағын жинақталған мектепте 7 736 бала білім алады.
Облыс әкімдігінің 2026 жылғы 30 шілдедегі №184 «Алматы облысының білім беру ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес 3 шағын жинақты мектептің қызметі тоқтатылды (Кеген ауданы Кенсу бастауыш мектебі, Жамбыл ауданы Бұлақ және Үшбұлақ бастауыш мектептері).
2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа 37 004 оқушы қабылданды (2025–2026 оқу жылында 1-сыныпқа 34 977 бала). Оның ішінде:
Қазақ тілінде оқитын сыныптарда: 27 410 оқушы (74%);
Орыс тілінде оқитын сыныптарда: 8 974 оқушы (24%);
Уйғыр тілінде оқитын сыныптарда: 620 оқушы (2%).
Білім сапасы және ҰБТ қорытындысы
2025-2026 оқу жылын 18 722 түлек аяқтады. Оның 1 831-і «Алтын белгі» төсбелгісімен аяқтаса, 1 675-і «Үздік аттестат» иегері атанды.
16 762 түлек Ұлттық біраңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысып, орта есеппен 67,9 шекті балл жинап отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда - 1,4 пайызға төмен көрсеткіш көрсетіп отыр (2025 жылы – 69,3; 2024 жылы – 73,3).
Жалпы облыс бойынша 2024 жылы орташа балл 73,38-ді құраса, 2025 жылы – 69,32, 2026 жылы – 67,99 балды құрады. Осылайша, 024–2026 жылдар аралығында орташа көрсеткіш 5,39 балға төмендеген, нәтижесінде облыстың республикалық рейтингтегі орны 12-орыннан 16-орынға түсіп отыр.
Атап айту керек, соңғы үш жылда (2024–2026 жж.) ҰБТ нәтижелері бойынша тек Алматы облысында ғана емес, бүкіл республика көлемінде орташа балл көрсеткіштерінің жалпы төмендеуі байқалуда. Мәселен, Алматы облысында 2024–2026 жылдары орташа балл 5,39 балға төмендесе, Қызылорда облысында – 4,20 балға, Алматы қаласында – 4,22 балға, Астана қаласында – 3,45 балға төмендеген.
Бұл көрсеткіш бойынша 2026 жылғы 26 тамыздағы республикалық конференцияның пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасы мәселелерін, оның ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелерін қозғады. Президент Түркістан, Ұлытау, Атырау, Ақтөбе және Алматы облыстарындағы көрсеткіштерді жақсарту қажеттігін атап өтті.
Төмен көрсеткіштерге ие өңірлердің әкімдеріне білім сапасын арттыру бойынша жұмысты күшейту жүктелді. Осы орайда ҰБТ нәтижелеріне талдау жасауға, оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтауға және оларды жою бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше назар аударылатын болады.
Облыс бойынша 7001 түлек (42%) жоғарғы оқу орындарының білім беру грантын иеленді (2024–2025 оқу жылында 17 940 түлектің 7 681-і грант иегері атанған болатын 42,8%).
Анықтама үшін: мемлекеттік грант иегерлері саны – 6583, облыс әкімінің гранты-50, университет ректорларының гранты-128, қоғамдық қордың грант иегері-3, халықаралық университеттердің конкурс бойынша грант иегерлер саны – 237.
Білім сапасын арттыру
2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша облысымызда білім сапасы 69,5% құрады (2024-2025 оқу жылында – 68,9%).
2025-2026 оқу жылында оқушылардың пән бойынша олимпиадасына өңірімізден 541 оқушы қатысып, 303 жүлделі орындарға ие болды (оның ішінде 83 алтын, 86 күміс, 134 қола).
2024-2025 оқу жылында қатысушылар саны 498, жеңімпаздар саны 236.
Халықаралық байқауларға 67 оқушы қатысып, 29 оқушы жеңімпаз атанған (43,3%) (8 алтын, 6 күміс, 15 қола).
2024-2025 оқу жылында қатысушылар саны 72, жеңімпаздар саны 28 (38,9%) (оның ішінде 6 алтын, 7 күміс, 15 қола).
Ағымдағы оқу жылында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың республикалық кезеңіне 66 оқушы қатысып, 34 оқушы жүлделі орынды (1 орын – 7, 2 орын – 12, 3 орын – 15) 16 оқушы ерекше жетістігі үшін грамота және жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда» ретінде командалық І орынды иеленді.
Тағы бір мақтанышымыз, екі жыл қатарынан түлектеріміз Ұлттық бірыңғай тестілеудің ең жоғарғы көрсеткіші — 140 балл жинап, рекорд жасады. Бұл Алматы облысы үшін тұрақты дәстүрге айналған қуаныш деуге болады!
Анықтама үшін: 2025-2026 оқу жылы - Еңбекшіқазақ ауданы, М.Горький атындағы орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Лоян Али Айдынұлы;
2024-2025 оқу жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Толқын орта мектебі» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің түлегі Қуандық Санжар Ғалымжанұлы.
«Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының «Білім-Инновация» халықаралық қоры, «Jelken foundation» қоғамдық қоры және Алматы облысының әкімдігімен бірлескен қамқоршылық кеңесінде «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік – Алматы облысы» қайырымдылық жобасын іске асыру шаралары талқыланып, бекітілді.
«Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылатын бұл жобаның негізгі мақсаты — ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, ауылдық жерлердегі оқушылар үшін сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру болып табылады.
Жоба екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады және оған облыс бойынша 75 білім беру ұйымы (45 толық жинақталған және 30 шағын жинақталған мектеп) енгізілді.
Анықтама үшін: облыс бойынша 45 толық жинақталған мектеп: Балқаш ауданы-4, Еңбекшіқазақ ауданы-5, Жамбыл ауданы-4, Іле ауданы-4, Қарасай ауданы-4, Кеген ауданы-4, Райымбек ауданы-4, Талғар ауданы-5, Ұйғыр ауданы-5, Алатау қаласы-4, облыстық мекеме-2.
30 шағын жинақты мектеп: Балқаш ауданы-3, Еңбекшіқазақ ауданы-9, Жамбыл ауданы-9, Кеген ауданы-3, Райымбек ауданы-3, Ұйғыр ауданы-3.
Бұл бағыттағы жұмыстарды бірге сапалы жүргізу мақсатында жобаға қатысушы мектептердің оқу кабинеттерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 101,0 млн теңге, (жөндеу жұмыстарын 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда), 75 мектептің 2070 педагогі мен әкімшілік өкілдеріне біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру үшін 298,8 млн теңге, білім алушыларға онлайн-сабақ өткізу үшін педагогтерге қосымша еңбекақы төлеуге 14,9 млн теңге көлемінде жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып отыр.
Осы жоба аясында “Білім-Инновация” халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен (“Ustaz.pro” компаниясының тренерлері) 2026 жылдың 24-28 тамыз аралығында 663 педагог және қыркүйек айының 07-11 күндері аралығында 25 әдіскер курстар біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Қалған 1 382 педагог кестеге сәйкес толық оқу курстарынан өтетін болады.
«Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының талаптарына сәйкес жобаға қатысушы 75 мектептің оқу кабинеттерінде жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілді.
Бүгінде Қор тарапынан өңірге 10 млрд. 671 млн. теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылып, оның ішінде білім беру саласына 4 млрд. 635 млн. теңге бағытталды. Бұл қаражат өңір тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, ең алдымен, балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беріп отыр. Қор тарапынан, жобаға енген 75 мектептің 184 кабинеті қазан айының 31-не дейін жабдықталатын болады.
Анықтама үшін: оқушы саны 80-нен асатын 19 мектепте: 12–20 оқушыға арналған 2 кабинеттен жабдықталады. Олар: цифрлық кабинет (информатика, робототехника) және жаратылыстану ғылымдары кабинеті (физика, химия, биология, география, математика). Барлығы 30 ШКМ-де 38 кабинет жарақтандырылады;
Оқушы саны 80 және одан аз 11 мектепте: 6, 8, 10, 12 және 16 оқушыға арналған, цифрлық кабинет пен жаратылыстану ғылымдары кабинетінің функцияларын біріктіретін 1 кабинеттен (барлығы 11 кабинет) жабдықталады;
45 толық комплектілі мектепте: 3 мамандандырылған кабинеттен (физика, химия және биология) жабдықталады. Барлығы 135 кабинет.
Алматы облысынан 5 мектеп - Қазақстанның ең үздік 100 мектебінің қатарына енді.
· 1. А. Малькеев атындағы «Білім-Инновация» лицей-интернаты;
· 2. Ш. Смағұлов атындағы «Білім-Инновация» лицей-интернаты;
· 3. Іле ауданы №38 мектеп-гимназия;
· 4. Қарасай ауданы Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп;
· 5. Талғар ауданы №29 орта мектеп.
Білім беру инфрақұрылымын дамыту
Үшауысымды оқыту және оқушы орынының тапшылығын жою мақсатында соңғы төрт жылда (2022–2026 жж.) Алматы облысында 75 жаңа мектеп пен 6 қосымша жапсаржай пайдалануға берілді (42 мемлекеттік, 33 жекеменшік мектеп және 6 қосымша жапсаржай).
Анықтама үшін: (мемлекеттік 42 мектеп пен 6 жапсаржай саны: 2022 жылы – 711 орындық 3 мектеп, 2023 жылы – 14 400 орындық 14 мектеп, 2024 жылы – 14 000 орындық 13 мектеп, 2025 жылы 6 450 орындық – 9 мектеп, 2026 жылы – 6 100 орындық 9 мектеп).
Оның ішінде 24 900 орындық 26 «Келешек мектебі» қолданысқа берілді (2024 жылы 9 мектеп (11 100 орындық), 2025 жылы 8 мектеп (6000 орындық)), 2026 жылы 9 мектеп (7200 орындық).
Нәтижесінде үшауысымды мектептердің саны 52-ден 24 бірлікке азайып (Еңбекшіқазақ ауданы–1, Жамбыл ауданы-5, Іле ауданы–16, Талғар ауданы-1, Алатау қаласы-1), шалғай елді мекендерден тасымалданатын 5 821 оқушының тасымал мәселесі шешілді (2025-2026 оқу жылында 36 720 оқушы тасымалмен қамтылған).
Бұдан бөлек, 2027–2028 жылдар аралығында үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында халық тығыз орналасқан елді мекендерде EPC механизмін қолдану арқылы 2 700 орынға арналған 3 мектептің құрылысы жоспарланып отыр (Іле ауданы: Өтеген батыр, Жайнақ (Комсомол), Байсерке ауылдарында 900 орындық мектептер).
Аталған жобаны жүзеге асыру нәтижесінде үш ауысымда білім алып жатқан 7 мектептегі 4 571 оқушының оқушы орнының тапшылығы мәселесі шешілетін болады.
Сондай-ақ, BINOM SCHOOL – заманауи білім беру талаптарына сәйкес әзірленген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жаңа тұрғын үй кешендері мен тұрғын үй алаптары қарқынды салынып жатқан Іле ауданы А.Тоқпанов, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс, Абай ауылдарында және Қонаев қаласында 6000 орындық 4 заманауи BINOM мектептерін салу мәселесін қарастырылуда.
Ұсынылып отырған BINOM мектептерін салу іске асырылған жағдайда Іле ауданы, Асқар Тоқпанов ауылындағы 2 мектептің үшауысымда оқып жатқан 1263 оқушының мәселесін шешетін болады (№6 және №42 орта мектептер).
Сонымен қатар, 2027-2028 оқу жылдарында үшауысымға көшу қаупі бар Қарасай ауданы Іргелі, Райымбек ауылдық округтеріндегі 3 мектептің және Қонаев қаласындағы мектептердің мәселесін шешетін болады.
Агломерация
Сонымен қатар, Алматы агломерациясы аймағына кіретін ауылдарда Алматы қаласы бюджеті есебінен мектептер салу бойынша келіссөздер жүргізілді.
Мектептер құрылысын жүргізу үшін Алматы қаласының жобалық офисіне жалпы құны 31 млрд. 989 млн. теңгені құрайтын 3 600 орындық 4 мектептің жер учаскелері ұсынылды. Аталған 4 мектептің құрылысы салынған жағдайда Алматы қаласына қатынап оқитын шамамен 6 000 баланы жергілікті жерде біліммен қамтамасыз етуге, тасымал мәселесін шешуге, қауіпсіздік пен санитариялық талаптарды сақтай отырып білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Анықтама үшін: Алатау қаласы, ЖАҢА ДӘУІР мөлтек ауданында (мекенжайы: С. Болысбаев көшесі, №56/3 жер учаскесі, ауданы – 2,5 га). 900 орындық мектеп салу қажеттілігі бар. Мектеп пайдалануға берілген жағдайда қазіргі уақытта Алматы қаласына қатынап оқитын 1 500 баланы біліммен қамтуға мүмкіндік туады. Оқу процесі санитариялық нормаларға толық сәйкестендіріліп, әрбір оқушы үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасы қалыптасады және педагогтердің еңбек жағдайы жақсарады. Құрылыс құнының есебіне сәйкес қажетті қаражат көлемі – 7 997 250 987 теңге;
Іле ауданы, Екпінді ауылында (мекенжайы: №1Д жер учаскесі, ауданы – 3 га). 900 орындық мектеп салу қажеттілігі бар. Жобаны іске асыру Алматы қаласына барып оқитын 1 500 баланы оқу орнымен қамтамасыз етуге және 2 мыңға жуық баланың тасымалы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қажетті қаражат көлемі – 7 997 250 987 теңге;
Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында (Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының аймағы, жер учаскесінің ауданы – 2,6 га). 900 орындық мектеп салу қажеттілігі бар. Мектеп құрылысы Алматы қаласына қатынап оқитын 1 500 оқушыны біліммен қамтып, тасымал мәселесін шешеді, олардың өмір қауіпсіздігін, санитариялық нормалардың сақталуын және білім сапасын арттыруға жағдай жасайды. Қажетті қаражат көлемі – 7 997 250 987 теңге;
Қарасай ауданы, Абай ауылы (мектеп құрылысы үшін арнайы бөлінген жер учаскесінің ауданы – 2,5 га). 900 орындық мектеп салу қажеттілігі бар. Жоба Алматы қаласына қатынап оқитын 1 500 баланы жергілікті жерде біліммен қамтамасыз етуге, тасымал мәселесін шешуге, қауіпсіздік пен санитариялық талаптарды сақтай отырып білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Қажетті қаражат көлемі – 7 997 250 987 теңге.
Жоғарыда аталған 4 мектептің құрылысына қажетті жалпы қаражат көлемі 31 989 003 948 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, жеке инвестор қаражаты есебінен салынып, 2025 жылы пайдалануға берілген 2 000 орындық «NOMAD International school» ЖШС жекеменшік мектебі (мекенжайы: Қарасай ауданы, Іргелі ауылы, Алатау көшесі, 1А) «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде тұратын мектеп жасындағы 2 176 баланы орта біліммен қамтамасыз етіп отыр. Аталған тұрғын үй кешенінде 5 000-ға жуық бала тұрады. Инвестор тарапынан мектеп ғимаратын сатып алу туралы ұсыныс түсті.
Анықтама ретінде: Жер учаскесінің ауданы – 6,5 га, ғимараттың жалпы ауданы – 23 659,7 шаршы метр, 3 қабатты ғимарат 2 000 оқушы орнына есептелген. Екі ауысымда мектеп 4 000-ға дейін баланы орта біліммен қамтуға қауқарлы. 2025–2026 оқу жылында онда 2 176 оқушы білім алды. Инвестор ұсынған ғимараттың құны – 14,0 млрд теңге (бір шаршы метрі үшін 591,7 мың теңге).
Аталған мектепті Алматы қаласы бюджетінің қаражаты есебінен сатып алу туралы ұсыныс енгізілді. «NOMAD International school» ЖШС жекеменшік мектебінің коммуналдық меншікке өтуі «Асыл арман» ТҮК-нен Алматы қаласының Наурызбай ауданына барып оқитын 2 000 оқушыны біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Анықтама ретінде: Бұл шара Алматы қаласы Наурызбай ауданының мектептеріне түсетін жүктемені шамамен 2 000 оқушыға азайтуға ықпал етеді.
Күрделі жөндеу жұмыстары
Алматы облысы бойынша 2025-2027 жылдарға тозығы жеткен 91 білім беру нысандары анықталып, күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Анықтама үшін: 2025 жылы – 9 мектеп, 2026 жылы – 11 мектеп, 2027 жылы – 7 мектеп, 2028 жылы – 7 мектеп, 2029 жылы – 7 мектеп, 2030 жылы – 7 мектеп, 2031 жылы – 8 мектеп, 2032 жылы 35 мектеп.
2025 жылы 20 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталып, (бөлінген қаражат көлемі – 26,5 млрд теңге) 9 мектепте жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды (2026 ж қаражаты 11.8 млрд.тг).
Анықтама үшін: Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы М.Сеңгірбаев атындағы мектеп, Еңбекшіқазақ ауданы Т.Рысқұлов атындағы, Абылайхан атындағы, Масақ ауылындағы орта мектеп, Қарасай ауданы Абай ауылы М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп, Талғар ауданы Қызылту ауылындағы №24 орта мектеп, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп, Қонаев қаласы Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп, Ұйғыр ауданы, Шырын орта мектебі.
2026 жылы қалған 12 нысанның 10-ында жөндеу жұмыстары аяқталды
(Алматы қаласында орналасқан Нүсіпбаев атындағы орта мектеп-интернатының жатаханасы, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы №1 Шонжы орта мектебінің спорт залы ғимаратын қайта жаңарту жұмыстары, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы Қ.Сатпаев атындағы мектеп, Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылдындағы Рысқұлов атындағы мектеп, Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектеп, Қонаев қаласындағы №5 А. Жұбанов атындағы №5» орта мектеп, Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы ауылындағы Нұрлы орта мектебі, Талғар ауданы №2 С.Сейфуллин атындағы ОМ, Белбұлақ ауылындағы №10 мектеп, Нұра ауылындағы №12 орта мектеп.
1 мектептің күрделі жөндеу жұмысы шарт талаптарына сәйкес 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.
Кеген ауданының Қарқара ауылындағы орта мектеп, 2025 ж бөлінген қаражаты- 521,2 млн.теңге. 2026 ж бөлінгені- 355,6 млн.теңге. Мердігері «Асыл тау» ЖШС-гі. 2025 жылдың 31 желтоқсанға Игерілгені- 521,2 млн.теңге. Нысанның аяқталу мерзімі 25.12.2026 жыл. Дайындық барысы 70%. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың уақытылы аяқталмау қауіпі бар. Себебі, жұмысшылардың саны аз және қаражаттың уақытылы төленбеуіне байланысты мердігердің мерзімінде жұмысты аяқтамауы.
226 оқушы Қарқара ауылдық әкімшілік ғимаратында оқытылады.
2027 жылға ауыспалы 1 нысан қолданысқа берілетін болады.
Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, 400 орындық жапсаржай құрылысымен, 2025 ж бөлінген қаражаты 592,9 млн.теңге. 2026 ж-3 969,4 млн.тг. мердігері: «Карат-Z» ЖШС. 2025 жылдың 31 желтоқсанға игерілгені- 591,4 млн.теңге. Нысанның аяқталу мерзімі 30.03.2027 жыл. Дайындық барысы 55%. Құрылыс басқармасының ақпаратына сәйкес ағымдағы жылдың соңына аяқтау жоспарланып отыр. Бірақ, жұмыстардың аяқталу мерзімі келісім шартқа сәйкес 2027 жылдың наурыз айы.
Мектептің 670 оқушысы Шелек ауылындағы Абай атындағы мектепте оқытылатын болады. Тасымал қажет емес.
2027 жылға жоспарланған 35 нысанның 8-інде ЖСҚ дайын (жалпы сомасы – 15 млрд теңге).
Анықтама үшін: Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылындағы Жамбыл орта мектеп (ПСД №ГЭ № EXCOM-0019/25 от 03.07.2025 ж, қаражаты 2 308 077 тг), Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы Розыбакиев атындағы орта мектеп (47ГЭ № SPRJ-0004/25 от 10.02.2025 ж, қаражаты 2 932 554 тг), Кеген ауданы, Тұйық ауылындағы орта мектеп (ГЭ № AExp-0530/24 от 19.12.2024 г. Қаражаты – 717 435 тг), Қонаев қаласы, №2 Шоқан Уәлиханов атындағы гимназия (ГЭ № 18-0090/25 от 16.05.2025 г. Қаражаты – 1 855 709 тг), Балқаш ауданы, Бақбақты ауылындағы 1 Жамбыл атындағы орта мектеп (№ ELPE-0054/26 от 20.03.2026 г. Қаражаты – 3 499 929 тг), Жамбыл ауданы, Қастек ауылындағы орта мектеп (№ PEKZ-0143/24 от 28.10.2024 г. Қаражаты – 683 199 тг), Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, А.С.Пушкин атындағы орта мектеп (№РЕХІІІ-0185/25 от 18№09№2025г, қаражаты – 1 562 576 тг), Райымбек ауданы, Қызылшекара ауылындағы К.Байшығанұлы атындағы орта мектеп (№TG-0004/24 от 25.01.2024г қаражаты-499 903 тг).
27 нысан бойынша жалпы сомасы 1,6 млрд. теңгені құрайтын ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры бойынша
2026 жылы жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан 63 203 балаға (ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес орта есеппен әр балаға 50 851 теңгеден) мектеп формасын алу үшін 3 млрд. 213 млн теңге бөлінді. (2025-2026 оқу жылында 58 118 оқушыға 2,7 млрд. теңге қаражат бөлінген. (әр оқушыға 46228 теңгеден).
Сонымен қатар, қайырымдылық акциясы аясында облыс, аудан, қала әкімдері мен облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті білім бөлімдерінің басшылары және демеушілердің қолдауымен аз қамтылған отбасынан шыққан 18 941 балаға 400 млн. теңге қаражатқа мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін көмек көрсетілуде.
Анықтама үшін: Демеушілер тарапынан көрсетілген материалдық көмек шеңберінде:
3560 оқушыға жалпы сомасы 151,139 млн теңгеге мектеп формасы;
4390 оқушыға 86,950 млн теңгеге аяқ киім;
8760 оқушыға 115,953 млн теңгеге кеңсе тауарлары берілді.
Сонымен қатар, 2231 оқушыға жалпы сомасы 44,620 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Одан бөлек, акция аясында 200 ге жуық рейдтік шара өткізілді, 40 бейнесюжет түсіріліп, 15 сұхбат пен дөңгелек үстел, 15 брифинг ұйымдастырылды, БАҚ-та 350 жарияланым жарық көрді, 9 қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
Бұл науқанның басты мақсаты – отбасыларға балаларды оқытуға қажеттінің бәрін өз уақытында сатып алуға көмектесу және мектеп оқушылары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
(2025-2026 оқу жылында 12 165 оқушы).
Анықтама үшін: Балқаш ауданында – 238 балаға 5,234 млн теңге, Еңбекшіқазақ ауданында – 5 652 балаға 84,78 млн теңге, Жамбыл ауданында – 700 балаға 21,0 млн теңге, Іле ауданында – 1 650 балаға 21,587 млн теңге, Қарасай ауданында – 4000 балаға 52 млн теңге, Кеген ауданында – 735 балаға 11,025 млн теңге; Райымбек ауданында – 500 балаға 8,0 млн теңге, Талғар ауданында – 1 790 балаға 44,75 млн теңге, Ұйғыр ауданында – 641 балаға 17,0 млн теңге, Қонаев қаласында – 323 балаға 4,775 млн теңге, Алатау қаласында – 2712 балаға 143, 313 млн теңге қаражат көлемінде.
2 775 бала жазғы демалыспен қамтылды, оған 360 млн. 750,0 мың теңге бөлінді.
Ыстық тамақпен қамту бойынша
ҚР «Білім туралы» Заңының 6 тармағы 19 тармақшасына орай облыстың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады.
Бұл талапты орындау мақсатында 2026 жылы облыстық бюджеттен 16,9 млрд. теңге бөлінді:
447 мектептің 390-да (87,1%) типтік асханасы жұмыс жасап тұр, онда 185 012 оқушы ыстық тамақпен қамтылған:
Балалардың әлеуметтік мәртебесіне қарамастан 1-4 бастауыш сыныптағы 147 134 оқушыны толық ыстық тамақпен қамту үшін 13 514,0 млрд. теңге бөлінді.
Одан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысына сәйкес қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін бюджет қаражаты есебінен білім беру ұйымында болған кезеңде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыруға жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатқа 5-11 сыныптағы 37 878 (10%) оқушы (әлеуметтік осал топтарғы) 3 447,0 млрд. теңге қарастырылған.
Ескерту: 30 асханасы жоқ бейімделген шағын жинақталған мектептерде 5202 оқушы буфеттік тамақпен, ал 22 бейімделген асханасы жоқ бастауыш мектептердің 905 оқушысы ыстық тамақпен тасымал арқылы ұйымдастырылған.
Қалған оқушылар ата-аналар есебінен тамақтанады.
«Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы № 16 бұйрығының 64-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын білім беру ұйымдарындағы міндетті бір реттік ыстық тамаққа арналған перспективалы төрт апталық маусымдық мәзір мен буфет өнімдерінің ассортименттік тізбесін денсаулық сақтау органдары бекітеді.
Облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 5 маусымдағы шешіміне сәйкес бір оқушыға тамақтану құны ҚҚС-ты (НДС) қоса алғанда 550 теңге мөлшерінде белгіленді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесінің 16%-ға белгіленуіне байланысты бір оқушыға тамақтану құны ҚҚС-сыз 474,14 теңгені құрап отыр.
Бекітілген баға бойынша облыс көлемінде 441 мектепте (6 мектеп-интернатты есептемегенде) 220 кәсіпкер жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауына сәйкес 2025 жылы «Әлеуметтік әмиян» жобасы енгізіліп, облыстың 220 мектебінде аппараттық-бағдарламалық кешендер (АБК) орнатуға және техникалық сүйемелдеуге 402,8 млн. теңге бөлінді.
ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕ: ҚР Премьер-Министрі О.Бектеновтің төрағалығымен өткен Цифрлық штабтың 2026 жылғы 30 шілдедегі шешіміне сәйкес «Әлеуметтік әмиян» жүйесінде цифрлық ваучерлер мен электрондық табельдерді қалыптастыру қызметтерін көрсету бойынша шарттар жасау тапсырылып, 2026 жылғы қыркүйек–желтоқсан айларында білім алушыларды тегін және жеңілдетілген ыстық тамақпен қамтамасыз ету жүйесінің қызметтеріне ақы төлеу үшін 131,4 млн теңге қажеттігі анықталып отыр.
2026 жылы АБК-лардың үздіксіз жұмыс істеуін, сүйемелденуін және техникалық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында 100 млн теңге көлемінде қосымша қаражат
217 мектеп «Бизнес әмиянға» қосылды. Қазіргі аппараттық аппараттарын сүйемелдеу бойынша қазіргі таңда қаржы қарастырылуда.
Оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста 281 елді мекеннен 136 білім беру ұйымына 26 934 оқушыны тасымалдау ұйымдастырылып отыр.
Анықтама үшін: Іле ауданында – 7 348, Талғар ауданында – 5 921, Қарасай ауданында – 6 303, Еңбекшіқазақ ауданында – 4 784, Алатау қаласында – 1 789, Жамбыл ауданында – 271, Кеген ауданында – 218, Ұйғыр ауданында – 218, Балқаш ауданында – 38, Райымбек ауданында – 44 оқушы тасымалданады.
Анықтама үшін: мектептері жоқ елді мекендер — 88; Бастауыш мектебі бар елді мекендер — 14; Негізгі мектебі бар елді мекендер — 13; Саяжай алқаптары — 164; Тиісті оқыту тілі жоқ елді мекендер — 2.
Қазіргі уақытта облыс бойынша оқушыларды тасымалдауғ 232 автобус тартылған, оның ішінде:
- 33 автобус (15%) аудандық және қалалық білім бөлімдерінің балансында;
- 24 автобус (10%) «Алматы облысының автобус паркі» ЖШС балансында;
- 175 автобус (75%) жеке тасымалдаушылар тарапынан ұсынылады.
Осылайша, оқушыларды тасымалдау қызметінің 75% жеке секторға тәуелді. Бұл жағдай тасымалдау қызметінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау мәселелеріне ерекше назар аударуды қажет етеді.
Автобустардың пайдалану мерзіміне жүргізілген талдау қолданыстағы автобус паркінің тозу деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. 232 автобустың ішінде:
5 жылға дейін - 48 автобус;
5 жылдан 10 жылға дейін - 40 автобус;
10 жылдан 15 жылға дейін - 41 автобус;
15 жылдан 20 жылға дейін - 48 автобус;
20 жылдан жоғары мерзімде - 55 автобус пайдаланылуда.
Осылайша, пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан автобустардың үлесі 62 пайызды құрайды. Әрбір бесінші автобусқа жуық, яғни 17,6 пайызы 15 жылдан астам уақыт пайдаланылуда. Сонымен қатар 55 автобустың пайдалану мерзімі 20 жылдан асып отыр.
Анықтама үшін: Қарасай ауданы – 29, Іле ауданы – 7, Еңбекшіқазақ ауданы – 12, Жамбыл ауданы - 1, Ұйғыр ауданы – 6.
Қазіргі кезді техникалық паркті жаңарту мақсатында 52 жаңа мектеп автобусын сатып алу қажеттілігі анықталды: (Алатау қ. – 2 (36 орындық), Балқаш ауданы — 1 (25 орындық); Кеген ауданы — 1 (25 орындық), Қарасай ауданы — 27 (36 орындық); Іле ауданы — 13 (36 орындық); Талғар ауданы — 7 (36 орындық), Ұйғыр ауданы — 1 (25 орындық).
Лизинг тетігі арқылы 2027 жылы- 20 автобус, 2028 жылы – 20 автобус, 2029 жылы- 12 автобус сатып алу жоспарлануда.
2023 жылы 2,3 млрд. теңгеге 36 автобус сатып алынды
(35 мектеп және білім бөлімдерінің меншігінде, 1 балалар үйінің теңгеріміне берілді).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №476 «Автомобиль көлігі туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес, балаларды тасымалдау арнайы жабдықталған автобустармен немесе шағын автобустармен жүзеге асырылып, әрбір балаға жеке орын берілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О. Бектеновтің 2026 жылғы 11 наурыздағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес мектеп автобустарын GPS-мониторинг және бейнетіркеу жүйелерімен жабдықтау, сондай-ақ жүргізушілердің қауіпсіздік талаптарын сақтау міндеттелген.
Қазіргі уақытта облыстағы мектеп автобустарын аталған жүйелермен толық жабдықтау үшін қосымша қаржыландыру қажет.
Жүргізушілерді күнделікті рейс алдындағы медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастыру бойынша жауапты медициналық ұйымдарды айқындау және тиісті тәртіпті белгілеу қажет.
ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР:
ü Жекелеген елді мекендердегі жол жабындысының төмен сапасы;
ü Мектеп автобустары тозуының жоғары деңгейі;
ü Бау-бақша серіктестіктері мен саяжай алқаптары жолдарының көлік өтуге қолайсыздығы.
Ағымдағы жылы оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға 3,1 млрд. теңге бөлінді.
Кадрлармен қамтамасыз ету туралы
Алматы облысы бойынша 34767 педагог жұмыс істейді (мемлекеттік ұйымдарда — 33 306 педагог; жекеменшік ұйымдарда — 1 461 педагог).
Оның ішінде біліктілік санаты бар педагогтардың үлесі – 74,8% (шебер-педагог – 156 (0,4%), педагог-зерттеуші – 5642 (16,2%), педагог-сарапшы – 7854 (22,6%), педагог-модератор – 12231 (35,2%).
Педагог кадрларына қажеттілік 83 бірлікті құрайды, (математика, орыс тілі мен әдебиеті, және орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері, химия, физика пәндерінің мұғалімдері).
2025–2026 оқу жылында білім беру ұйымдарына 1590 педагог қабылданды, олардың ішінде 765 жас маман.
2026 жылы облыс бойынша 7292 педагогты курспен қамту жоспарланып, бүгінгі күнде 2725 (37,4%) педагог курстан өтті. Қалған 4 567 пеадгог жыл соңына дейін толық курспен қамтылатын болады.
Анықтама үшін: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы- 1 790, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми институты – 800, «Балаларды ерте дамыту институты» - 125, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» – 10.
Педагог қызметкерлердің жас құрамы: 50 жастан асқан мұғалімдер — 25%-ға жуық; 30-дан 50 жасқа дейінгі мұғалімдер — 57%; 30 жасқа дейінгі жас педагогтер — 18%.
Цифрландыру
Бүгінгі таңда облыстағы 447 мектеп 100% интернет желісіне қосылған. Оның ішінде:
Ауылдық мектептер: 390 мектеп (оның 379-ында (97,1%) интернет жылдамдығы кемінде 8 Мбит/с);
Қалалық мектептер: 57 мектеп (оның 56-сында (98,2%) — кемінде 20 Мбит/с, 1 мектепте — 8 Мбит/с төмен, себебі ТАБЖ-ға (талшықты-оптикалық байланыс желісі) қосылуға техникалық мүмкіндік жоқ).
Облыс бойынша 436 мектеп (97,5%) талшықты-оптикалық байланыс желісі, мыс кабелі және жоғары жылдамдықты радиокөпір технологиясы арқылы (жылдамдығы кемінде 8 Мбит/с) қосылған, ал 11 мектеп спутниктік байланыс желісін пайдаланады.
Starlink спутниктік технологияларын қолдану облысты жоғары жылдамдықты интернет желісімен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Облыстың барлық мектептері компьютерлік техникамен 100% қамтамасыз етілген. 1 компьютерге шаққандағы оқушы саны — 5,2 (ауылдық жерлерде — 5,1).
Облыс бойынша жаңа модификациялы кабинеттердің жалпы саны: Физика — 392; Химия — 398; Биология — 374; STEM — 61, Робототехника – 75 (оның 5 кабинеті бар – 26, 4 кабинеті бар - 53, 3 кабинеті бар –189, 2 кабинеті бар - 93, 1 кабинеті бар - 43) жабдықталу көрсеткіші 78% құрайды.
Қазіргі уақытта облыста 11 898 пәндік кабинет бар. Оның 10 448-і (87,8%) мұғалімдерге арналған компьютерлік техникамен жабдықталған.
Оқулықтармен қамтамасыз ету
2026 жылы облыстың білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 2,8 млрд. теңге қарастырылды (2024 жылы – 2,8 млрд теңге, 2025 жылы – 3,1 млрд теңге).
Бөлінген қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты 2026 жылдың желтоқсан айында 4 және 9-сыныптарға арналған 12 жаңа оқулықты толығымен алуға қосымша 739 млн. теңге көлемінде қаржы қажет.
Ағымдағы жылдың тамыз айында 3 және 7-сыныптарға арналған 281 916 дана оқулық сатып алуға 1 104,3 млн. теңге қаражат жұмсалды.
2026 жылдың желтоқсан айында 4 және 9-сыныптарға арналған жаңартылған оқулықты жалпы сатып алу жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, қосымша 119 432 дана оқулық 484 млн. 611 мың 816 теңгеге сатып алынды.
Инклюзивті білім беру бойынша
2026 жылы Алматы облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларында 13 294 ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала тіркелген. Оның ішінде 1 439 балада аутизм спектрінің бұзылыстары бар, 3 558 балаға мүгедектік мәртебесі белгіленген.
Оның ішінде 6 545 бала (49,2%) жалпы білім беретін мектептерде білім алуда, 2 939 бала (22,1%) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің есебінде тұр.
Сонымен қатар, 765 бала (5,8%) өзге білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарында, оның ішінде жекеменшік және қоғамдық ұйымдарда тиісті қызметтермен қамтылған.
Денсаулық жағдайына байланысты білім алуға жатпайтын балалар саны – 195 (1,5%).
311 бала (2,3%) 9 немесе 11-сыныпты аяқтап, тиісті білім туралы аттестат алған.
Бұдан бөлек, 911 бала (6,9%) басқа өңірлерге көшіп кеткен.
Қазіргі уақытта 1 628 бала (12,2%) тиісті білім беру және түзету-педагогикалық қолдаумен қамтылмаған.
Техникалық және кәсіптік білім
Алматы облысының техникалық және кәсіптің білім беру жүйесінде 56 мамандық және 101 біліктілік бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын 41 колледж жұмыс істейді.
Анықтама үшін: қызмет көрсету және сервис саласы, ауыл шаруашылығы, құрылыс, машина жасау, байланыс және телекоммуникациялар, ақпараттық технологиялар, су шаруашылығы және экология, энергетика, білім беру, медицина, мәдениет және өнер.
41 колледждің 20-сы қалалық, 21-і ауылдық жерде орналасқан.
Анықтама: 22 мемлекеттік оның ішінде 4-уі жабық мекемеде орналасқан, 1-уі денсаулық сақтау басқармасы құзырында, 19 жекеменшік колледж.
Қазіргі таңда колледждерде жалпы 21 630 студент білім алуда (мемлекеттік - 12001, жекеменшік - 9629). Оның ішінде – 13 945-і (65%) мемлекеттік тапсырыс бойынша (жұмысшы мамандықтар бойынша 8201 (58,8%), орта буын мамандықтары бойынша 5744 адам (41,2%)).
Анықтама үшін: облыс колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі даярлаудың негізгі бағыттары: техникалық және технологиялық мамандықтар – 60–65%; қызмет көрсету саласы және бизнес – 15–20%; педагогикалық мамандықтар – 10–15%; шығармашылық және гуманитарлық мамандықтар – 15%-ға дейін.
Биылғы жылы оқуға 6 803 адам қабылданды оның ішінде жұмысшы мамандық бойынша 4 619 (67,9%), орта буын мамандықтары бойынша 2184 (32,1%).
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ағымдағы жылы 5 000 (57%), студент қабылданды. Өткен жылмен салыстырғанда 250 адамға өсім бар.
Анықтама: 2025-2026 оқу жылында колледждерге мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 4750 адам қабылданды.
2026 жылы кәсіпорындардың сұраныстарына сәйкес (зауыттар, фабрикалар, басқа да өндірістер) 950 адам жұмысшы мамандықтар бойынша оқытылады.
2025-2026 оқу жылында колледждерде 6 628 түлек оқуларын аяқтады, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған 4342 түлек (61,3%) жұмысқа орналастырылды.
Анықтама: 2025-2026 оқу жылын аяқтаған 6628 түлектің – 3855-і (58%) жұмысқа орналасса, 417 (6,3%) түлек жоғарғы оқу орнына, 128 (1,9%) түлек техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылданды, 166 (2,5%) түлек Қазақстан Республикасы қарулы күштер қатарында, 212 (3,2%) - бала күтіміне байланысты еңбек демалысында, 12 (0,2%) - шет елдерге кетті, жұмысқа орналаспағандар - 2338 (28%) адам.
Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтары бойынша - 2043 адам аяқтады, оның ішінде 1580 (78,3%) жұмысқа орналасты.
Жастарды жұмыспен қамту мақсатында облыста дуальды оқыту жүйесі тиімді іске асырылып келеді. Облыстағы 17 колледжде дуальды оқыту жүйесі толық іске қосылып, оған 22 мамандық бойынша 5179 студент тартылды (1-курс – 2112 студент, 2-курс – 1520 студент, 3-курс – 1547 студент).
Облыста бірқатар колледждер өңірдің ірі жетекші компанияларымен әріптестік қатынаста жұмыс жасайды. Соның негізінде Алматы экономикалық колледжінің - 35 студенті «Голланд Ботлерс» ЖШС, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің - 15 студенті «Южный» ЖШС, Талғар политехникалық колледжінің - 45 студенті «Алатау жарық», «Glasman», Шелек политехникалық - 30 студенті «Жетісу вольфрамы» Тау кен орны, «Samruk-Green Energy», Қонаев көпсалалы колледжінің - 5 студенті «Лян» ЖК «АВРОРА» ЖШС, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің - 70 студенті «Интер Континенталь», «Риксос» қонақ үйлеріне барлығы, 200 түлек жұмысқа орналасты.
Педагогтердің жалпы саны - 1765, оның ішінде 1175 мемлекеттік, 590 жекеменшік, арнайы пәндер оқытушылары - 574, өндірістік оқыту шеберлері - 323, өзге лауазымдардың педагогтері - 868.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтерінің білім деңгейі бойынша: жоғары білім - 1712 педагог (97%), техникалық және кәсіптік білім-53 педагог (3%) құрайды.
Педагогтердің жалпы санының 48%-ы қолданыстағы аттестаттау форматы бойынша біліктілік санатына ие педагог-шебер - 5 (0,28%), педагог-зерттеуші - 136 (7.7%), педагог-сарапшы - 190 (10,8%), және педагог-модератор - 515 (29.2%), педагог - 866 (49%), қалған 53-і (2%), педагог-тағылымдамашы санат форматына ие.
«Бүйірлік кіру» қағидаты бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері ретінде соңғы екі жылда 30 өндіріс маманы жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылы 12 адам қабылданды, оның ішінде біліктілік санаттарын бірден иеленген 4 педагог (педагог-модератор-2, педагог-сарапшы-2).
Облыс колледждерінің 520 педагогі 2026 жылдың қаңтар-маусым аралығында «Chatgpt» Edu Қазақстан ұлттық жобасы аясында Жасанды интеллект бойынша тегін курстан өтеді.
Алматы облысында кадр қажеттілігін айқындау мақсатында өңірдің 3,5 мыңнан астам ірі және орта кәсіпорындарын қамтитын жүйелі сауалнама мен мониторинг жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша 2026 жылға еңбек ресурстарына сұраныс 4,8 мыңға жуық адамды құрайды (2026 – 4 792, 2027 – 4 723, 2028 – 4 793, 2029 – 4 245, 2030 – 3 790, 2031 – 3 856).
Сонымен бірге Электрондық еңбек биржасында 2 637 жұмыс берушіден 5 115 бос жұмыс орны тіркелген. Сұраныстың басым бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы және өндіріс салаларына тиесілі.
Шет мемлекеттермен ынтымақтастық.
Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша 638 студент халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтті.
Соңғы 5 жылда облыс колледждерінің 74 студенті жұмысшы мамандықтары бойынша Түркия, Франция, ҚХР, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғызстан және Монғолия елдерінде халықаралық тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ, аталған мемлекеттерде 42 педагог, 7 колледж басшысы, 3 басшы орынбасары біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасты (2024 жылы 5 педагог пен 13 колледж студенті, 2025 жылы 7 директор шет елдерде халықаралық тағылымдамадан өтті. 2026 жылы қаңтарда 1 директорды Ұлыбританияның Лондон қаласынан тағылымдамадан өткізу жоспарланды).
Биыл 15 өңірлік колледж іс-тәжірибе алмасу мақсатында 35 студент пен 14 педагогті Қытай Халық Республикасына «Автокөліктерге қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша тағылымдамадан өткізуді жоспарлап отыр. Одан бөлек 2 колледж (Көлсай кәсіптік-техникалық, Қаракемер кәсіптік колледждері) 4 мамандық бойынша ҚХР-мен меморандумға отыру жұмыстарын пысықтауда.
Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі 2 мамандық бойынша халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтіп, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Халықаралық салалық талаптарға (стандарттарға) сай келетін «Ресурстық орталық» ашылды. Бұл орталықта студенттер кәсіпкерлік дағдыларды дамытады және тамақ өнімдерін пісіруден бастап, кондитерлік және жартылай фабрикат өндірісіне дейін өз өнімдерін шығарады.
Жаңа мамандықтар ашу
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және өңірлік нарықтың жұмысшы мамандықтарына деген сұраныстың артуына сәйкес жаңа мамандықтарды ашуға жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге қаражат бөлініп, 2025 жылы жаңа мамандықтар ашылды: «Гидротехникалық мелиорация», «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар», «Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» және «Жиһаз өндірісі» мамандықтары ашылып, қабылдау жүргізілді.
2026 жылы сұранысқа ие және заманауи мамандықтарды ашу үшін жергілікті бюджеттен 331,7 млн теңге көлемінде қаржы бөлу туралы ұсыныс енгізілді:
- Бақанас аграрлық-индустриялық колледжі: «Ветеринария»;
- Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі: «Газбен жабдықтау жабдықтары мен жүйелерін монтаждау және пайдалану»;
- Көлсай кәсіптік-техникалық колледжі: «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және пайдалану»;
- Қаракемер кәсіптік колледжі: «Бағдарламалық кешен операторы»;
- Қарасай кәсіптік оқыту көпсалалы колледжі: «Жиһаз өндірісі».
Алайда, облыстық бюджеттік комиссияның қарау қорытындысы бойынша жергілікті бюджет қаражатының тапшылығына байланысты бұл өтінім қолдау таппады.
ТжКБ материалдық-техникалық базасы
2025 жылы 2 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 46,6 млн. теңге қаржы бөлінді (Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжіне – 18 млн.тг.,Қонаев қаласы көпсалалы колледжіне - 27,6 млн.тг.).
Колледждердің материалдық-техникалық базасы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту және нығайту үшін қаржылай қажеттілік 3,7 млрд теңгені құрайды.
Бүгінгі күні шалғай елді мекендердегі жастар үшін колледждің және жатақхананың болмауына байланысты оқуға түсу және тұру мәселелері туындауда. Жатақханаға қажеттілік 511 орынды құрайды.
Аталған мәселені шешу мақсатында Қонаев қаласында гуманитарлық-техникалық бағытта жаңа колледж салу жоспарлануда (ЖАО ақпаратына сәйкес: 600 орындық жатақханасымен 1250 орындық колледж салынады. Бүгінгі күні эскиздік жобасы дайындалып, жоба-сметалық құжаттары әзірленуде).
Сонымен қатар, 511 орындық 3 жатақхананың құрылысы (Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне 111 орындық, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжіне - 200, Талғар политехникалық колледжіне – 200) 2026 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілетін болады.
Әлемнің 80 елі қатысқан 10-шы Республикалық «WorldSkills Kazahstan (УорлдСкилс Қазақстан) чемпионатының қорытындысы бойынша Алматы облысынан 27 құзыреттілік бойынша 12 студент жүлделі орындарға ие болып, үздік дайындық деңгейін көрсетті.
Анықтама үшін: 1 алтын, 3 күміс, 3 қола және 5 ынталандыру медалі.
Тәрбие жұмысы
2026 жылы кәмелетке толмағандар арасында 17 суицид және 14 суицидке ұмтылыс фактісі тіркелді. Сондай-ақ 301 кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасалған (2025 жылы аяқталған суицид – 13, суицидке ұмтылу – 22).
Анықтама үшін: аяқталған суицид бойынша Қарасай ауданы – 4, Іле ауданы-3, Еңбекшіқазақ ауданы – 6, Талғар ауданы – 1, Ұйғыр ауданы – 1, Кеген ауданы – 1, Жамбыл ауданы – 1.
Суицидке ұмтылу фактілері: Еңбекшіқазақ ауданы – 1, Қарасай ауданы – 3, Іле ауданы-3, Талғар ауданы – 4, Алатау қ. – 2, Қонаев қ. – 1.
Қайғылы жағдайлардың басым бөлігіне бір ғана себеп емес, бірнеше фактордың жиынтығы әсер етеді. Негізгі факторларға мыналар жатады:
Отбасылық жағдайлар;
Буллинг (қысым көрсету) факторы.
Түнгі уақытта үйден тыс жерде болу (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі) Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болуының 6 499 фактісі анықталып, ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Түнгі уақытта көңіл көтеру мекемелерінде болу (ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы) Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта мұндай орындарда болуына жол бергені үшін 153 құқық бұзушы жауапқа тартылды.
Бала тәрбиесі бойынша міндеттерді тиісінше орындамау (ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы) Балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 3353 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандарды қолдау орталығы: Өмірлік қиын жағдайға тап болған 115 кәмелетке толмаған бала орталыққа орналастырылды. 14 заңды өкілдің ата-аналық құқықтары шектелді.
Түрлі негіздер бойынша 117 кәмелетке толмаған бала мен 162 қолайсыз отбасы анықталып, ішкі істер органдарының есебіне қойылды.
Бүгінгі таңда облыс аумағында кәмелетке толмағандармен 108 қылмыс жасалды (2025 - 85, 27,1%).
Облыс бойынша кәмелетке толмағандар арасында 2 кісі өлтіру фактісі тіркелген (Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында). (2025ж. - 1),
«Заң мен тәртіп»
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Заң мен тәртіп» мәдениетін қалыптастыруда Талғар ауданының 13 білім беру ұйымында пилоттық жоба бастау алған болатын (10 мектеп, 3 колледж).
Ағымдағы жылы пилоттық жобаны кеңейту мақсатында облыстың қосымша 35 білім беру ұйымы енгізілді (21 мектеп мен 14 колледж).
Анықтама үшін: Балқаш ауданы – 2, Еңбекшіқазақ ауданы – 7, Жамбыл ауданы – 4, Іле ауданы – 4, Қарасай ауданы – 4, Кеген ауданы – 2, Райымбек ауданы – 2, Тарғар ауданы – 4, Ұйғыр ауданы – 3, Қонаев қаласы – 4.
Аталған жобаның тәлімгерлерінің жалақысына жергілікті бюджет есебінен 134,4 млн. теңге қаражат қарастырылды.
2026-2027 оқу жылында балалардың қосымша біліммен қамтылуы 251 894 бала (68%) құрады, оның ішінде 31 мемлекеттік, 3 жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарында 32 405 бала, жалпы білім беру мектептерінде дебаттық қозғалыспен, өзін-өзі басқару ұйымдарында 33 658 оқушы, 2816 спорт секцияларында 88 280 бала, 3310 үйірмеде 69 979 оқушы, спорт мектептерінде 24 246 оқушы, «Жас Айбын» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының 131 әскери-патриоттық клубтары мен патриоттық сыныптарында жалпы – 3 326 бала қамтылған, сонымен қатар балалардың қосымша біліммен айналысуы 2028 жылы 70 % - ға көтеру жоспарлануда.
Бүгінгі күні Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік шығармашылық, спорттық тапсырыспен жұмыс істемейтіндігін және барлық үйірмелер мен спорттық секциялар тегін жүргізіліп, дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы
№191 бұйрығына сәйкес қосымша ақы 17 692 теңге бөлінетінін хабарлайды.
Барлық спорттық секция мен үйірмелерге балалардың кезекте тұруына қажеттілік туындамайды. Әр бала қалаған спорттық секция мен үйірме түріне қатысу өз таңдауында.
«Заң мен тәртіп»
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Заң мен тәртіп» мәдениетін қалыптастыруда Талғар ауданының 13 білім беру ұйымында пилоттық жоба бастау алған болатын (10 мектеп, 3 колледж).
Ағымдағы жылы пилоттық жобаны кеңейту мақсатында облыстың қосымша 35 білім беру ұйымы енгізілді (21 мектеп мен 14 колледж).
Анықтама үшін: Балқаш ауданы – 2, Еңбекшіқазақ ауданы – 7, Жамбыл ауданы – 4, Іле ауданы – 4, Қарасай ауданы – 4, Кеген ауданы – 2, Райымбек ауданы – 2, Тарғар ауданы – 4, Ұйғыр ауданы – 3, Қонаев қаласы – 4.
Аталған жобаның тәлімгерлерінің жалақысына жергілікті бюджет есебінен 134,4 млн. теңге қаражат қарастырылды.
Балаларды қосымша біліммен қамту
2025-2026 оқу жылында 34 (31 мемлекеттік, 3 жекеменшік) қосымша білім беру ұйымдарында 237 120 бала қамтылып, 65,9% құрады (2023 жылы балалардың қосымша біліммен қамтылуы 85%, 2024 жылы 89,3%).
Жалпы білім беру мектептерінде дебаттық қозғалыспен, өзін-өзі басқару ұйымдарында 15 367 оқушы, 2816 спорт секцияларында 88 280 бала, 3310 үйірмеде 74 275 оқушы, спорт мектептерінде 23986 оқушы, «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының 127 әскери-патриоттық клубтары мен патриоттық сыныптарында жалпы – 3 236 бала қамтылған.
Сонымен қатар, балалардың қосымша біліммен айналысуы 2027 жылы 68 % - ға көтеру жоспарлануда.
Бүгінгі күні Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік шығармашылық, спорттық тапсырыспен жұмыс істемейтіндігін және барлық үйірмелер мен спорттық секциялар тегін жүргізіліп, дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы
№191 бұйрығына сәйкес қосымша ақы 17 692 теңге бөлінеді.
Барлық спорттық секция мен үйірмелерге балалардың кезекте тұруына қажеттілік туындамайды. Әр бала қалаған спорттық секция мен үйірме түріне қатысу өз таңдауында.