Балхаш ауданының УСК мүшелеріне арналған семинар
Жарияланған күні: 28 шілде 2026
Жаңарту күні: 30 шілде 2026
Көру саны:15
2026 жылғы 27 шілдеде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалымен бірлесіп Балхаш ауданының учаскелік сайлау комиссияларына оқыту семинарын өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша білімдерін жетілдіру, практикалық дағдыларын нығайту.



