Алматы облысының әкімінің облыс азаматтарын жеке қабылдауы (27.04.2026)
Жарияланған күні: 29 сәуір 2026
Жаңарту күні: 22 маусым 2026
2026 жылғы 27 сәуірде Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиев облыс тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында 7 азаматтың өтініші қаралып, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, жер қатынастары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды іске асыру, несиелік міндеттемелер, әлеуметтік мәселелер, білім беру, денсаулық сақтау және жол қауіпсіздігіне қатысты мәселелер көтерілді.
Көтерілген мәселелер бойынша облыстық басқармаларға, аудан әкімдіктеріне және уәкілетті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, орындау мерзімдері белгіленді. Азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тапсырмалардың орындалуы облыс әкімінің бақылауына алынды.
Жарияланған күні
29 сәуір 2026
Жаңарту күні
22 маусым 2026