Ақпарат 2020 жылғы қыркүйек айында салауатты өмір салтын насихаттау және аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы

Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың, мінез-құлықтық қауіп факторларының, жарақаттанудың алдын алу, дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануды насихаттау, ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегі ұлттық бағдарламалар шеберінде облыстың 6 мыңнан астам тұрғынын қамти отырып 310 түрлі іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

Облыстық "Жетісу" газетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде 7 мақала жарияланды: "Дене белсенділігін насихаттау" -2, "Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу" -2, "Отбасы күні" -2, "Ұрпақты болу денсаулығын қорғау" -1.

"Русское радио Азия" эфирінде жалпы шығарылымы 288 рет, 2 тілде аудио роликтер прокаты ұйымдастырылды: "Салауатты тамақтану" – 144 рет, "Дене белсенділігін насихаттау" - 144 рет.

"Жетісу" телеарнасында 2 тілде бейне роликтер көрсетілді: "КВИ алдын алу" - 80 рет, "Жарақаттанудың алдын алу" - 159 шығу, "Ұрпақты болу денсаулығын қорғау" - 79 рет. Сондай - ақ, "Жұқпалы аурулардың алдын алу", "Жұқпалы емес аурулардың алдын алу", "Дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануды насихаттау" тақырыптары бойынша телебағдарламалар көрсетілді. Темекі шегудің алдын алу, мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу, жіті ішек инфекцияларының алдын алу, вирустық гепатиттің алдын алу, дұрыс тамақтануды насихаттау тақырыптары бойынша өткізілген іс-шаралар көрсетілді.

 NUR.kz интернет-порталында "Ұрпақты болу денсаулығын қорғау" және "Ана сүтімен тамақтандырудың маңыздылығы" тақырыптарындағы баннерлік жарнама щығарылды.

ЛЭД дисплейлерде вирустық гепатиттің, жіті ішек инфекцияларының, онкологиялық аурулардың, жүрек-қан тамырлары ауруларының, мінез-құлықтық қауіп факторларының, жарақаттанудың, стресстің алдын алу, ұрпақты болу денсаулығын қорғау, дұрыс тамақтану тақырыптары бойынша 2 750 рет  бейне роликтер прокатты ұйымдастырылды.

 

 

Жарияланған күні

08 қазан 2020

Жаңарту күні

08 қазан 2020

Жарияланымның авторы