№5 ролик: Егер сіздің атыңызға басқа біреудің кредиті ресімделген жағдайда не істеуге болады

 №5 ролик: Егер сіздің атыңызға басқа біреудің кредиті ресімделген жағдайда не істеуге болады

Диктордың оқитын мәтіні (қажетті сөз саны: 65-тен көп емес)

        Басқа біреудің кредиті сіздің атыңызға ресімделсе: бұл туралы  сіздің кредиттік тарихыңызда көрсетіледі. Кредиттік бюро немесе egov.kz-тен жеке есеп беруді сұраңыз.

Жеке басыңызды куәландыратын құжаттарды жоғалтып алған ба едіңіз, есіңізге түсіріп көріңіз, әлде Интернеттегі күмәнді сілтемелерді пайдаландыңыз ба? Жеке деректерді қолына түсірген алаяқтар басқа біреудің төлқұжаты арқылы кредит ресімдей алады.

Кредитордан ішкі қызметтік тексеру жүргізуді талап етіңіз. Құқық қорғау органдарына және қаржылық реттеушіге міндетті түрде өтінішпен жүгініңіз!

_______________________

СЛАЙД АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІНГІ МӘТІН (дауыстап оқуға арналмаған)

  1. Жеке кредиттік есепті Мемлекеттік кредит бюро мен Бірінші кредит бюросынан,  сондай-ақ электронды үкімет сайтынан онлайн режимде алуға болады.  Қызмет құны ақысыз. 1 күнтізбелік жыл ішінде қайталап алған кезде - 400 теңге.

 

  1. Кредиттік ұйымнан олардың негізінде кредит берілген құжаттардың көшірмелерін: шарттың, оның қосымшаларының және куәландыратын құжаттардың көшірмелерін, шоттың деректемелерін, шартты ресімдеген қызметкердің деректемелерін талап етіңіз.

 

 

 

Жарияланған күні

02 қазан 2020

Жаңарту күні

02 қазан 2020

Жарияланымның авторы