Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы
Жарияланған күні: 13 қаңтар 2026
Жаңарту күні: 13 қаңтар 2026
Көру саны:9
Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының
мүшесін міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және З.С.Мамекованың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2025 жылғы 30 желтоқсандағы өтінішінің негізінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Зарина Сахаевна Мамекова Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап босатылсын, тұрақты кәсіби негіздегі соңғы жұмыс күні болып 2026 жылғы 4 қаңтар белгіленсін.
- Осы қаулы Қонаев қаласының мәслихатына және Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға М. Айтова
Қонаев қаласы,
2026 жылғы 5 қаңтар
№ 01-04/1
Жарияланған күні
13 қаңтар 2026
Жаңарту күні
13 қаңтар 2026
Түрі
Қызмет бағыты