Халықпен кездесулер барысында көтерілген мәселелердің шешілу барысы туралы ақпарат

Алматы облысының барлық деңгейдегі әкімдерінің халықпен кездесулері бекітілген икемді күнтізбелік жоспарларға сәйкес өткізілді.

Ағымдағы жылы әкімдер 50 691 тұрғынның қатысуымен 1010 кездесу өткізілді (облыс әкімі – 11, аудан және қала әкімдері – 346, ауылдық округ әкімдері – 653), онда 3 092 мәселе көтерілді.

Халықпен кездесулер барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу мақсатында аудан және қала бойынша іс-қимыл жоспарлары бекітілді. Аталған жоспарларға 190 мәселе енгізіліп, бүгінгі күні оның 35-і шешімін тапты, ал қалған мәселелер бойынша жұмыстар жалғасуда.

Жарияланған күні

29 желтоқсан 2025

Жаңарту күні

29 желтоқсан 2025