Алматы облысы әкімінің облыс азаматтарын жеке қабылдауы (23.12.2025)
Жарияланған күні: 23 желтоқсан 2025
Жаңарту күні: 25 желтоқсан 2025
Көру саны:10
2025 жылғы 23 желтоқсанда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке қабылдау өткізді. Кездесуде әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерге қатысты азаматтардың өтініштері тыңдалды.
Қабылдауға 8 облыс тұрғындары қатысып, 11 мәселе көтерілді. Олардың қатарында мемлекет тарапынан тұрғын үй алу және энергетика саласындағы түйткілдер, сондай-ақ жайылымдық жер жөніндегі сұрақтар бар.
Әкім бірқатар өтініштерді қолдап, тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Көтерілген барлық мәселелердің орындалуы бақылауға алынды.
Облыс әкімдігі тұрғындардың өмір сапасын арттыру мен әлеуметтік мәселелерді шешу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын болады.
Жарияланған күні
23 желтоқсан 2025
Жаңарту күні
25 желтоқсан 2025