Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмысы туралы

2025 жылдың 1 шілдесіне дейін Алматы облысының Мемлекеттік сатып алу басқармасымен жалпы сомасы 55,5 млрд теңгеге 237 конкурс қаралып, қорытындылары шығарылды. Оның ішінде:

  • құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша – 50 конкурс, сомасы 40 млрд теңге;

  • жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша – 25 конкурс, сомасы 2 млрд теңге;

  • құрылысқа қатысы жоқ жұмыстар бойынша – 20 конкурс, сомасы 4,8 млрд теңге;

  • қызметтерді сатып алу бойынша – 105 конкурс, сомасы 6,5 млрд теңге;

  • тауарларды сатып алу бойынша – 37 конкурс, сомасы 2,2 млрд теңге.

Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу нәтижесінде 3 млрд теңге көлемінде үнемделді.

Аталған кезеңде жалпы сомасы 2,9 млрд теңгеге 34 конкурс өтпей қалған.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша басқармада жалпы сомасы 12,8 млрд теңгеге тапсырыс берушілердің конкурстар мен аукциондарды өткізуге арналған 23 өтінімі қаралу үстінде. Оның ішінде:

  • құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша – 5 конкурс, сомасы 6,3 млрд теңге;

  • құрылысқа қатысы жоқ жұмыстар бойынша – 4 конкурс, сомасы 1,2 млрд теңге;

  • қызметтерді сатып алу бойынша – 12 конкурс, сомасы 1,3 млрд теңге;

  • тауарларды сатып алу бойынша – 2 өтінім, сомасы 4 млрд теңге.

Жарияланған күні

25 шілде 2025

Жаңарту күні

25 шілде 2025

Түрі