Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы
Жарияланған күні: 07 наурыз 2025
Жаңарту күні: 07 наурыз 2025
Көру саны:6
Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
мүшесін міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Б.Е.Нұрсәлімовтың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2025 жылғы 6 наурыздағы өтінішінің негізінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бекнұр Ерланұлы Нұрсәлімов Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
- Осы қаулы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатына және Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға М. Айтова
Хатшы А. Канатова
06 наурыз 2025 жыл № 16