Талғар аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы хабарлама

Алматы облысы Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы     2025 жылғы  30 наурызда Талғар ауданының № 4, 25 бірмандаттық сайлау округтерінде шығып қалған депутаттардың  орнына өтетін сайлау бойынша кандидаттарды ұсыну аяқталғандығы туралы хабарлайды.

Сайлау науқанының барысында 8 – кандидат ұсынылды. Оның 5-саяси партиялар, 3 - өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттар ішінде  6 – ер адам және  2 – әйел адам.

7 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 1 – партия қатарында жоқ.

Орташа жас -39 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында этнос өкілдері жоқ.

8  кандидаттың жоғары білімі бар.

Кандидаттардың 2-мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 5 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 – саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері.

Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда.

Тіркеудің аяқталу мерзімі – а.ж. 5 наурызы сағат 18.00.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 2025 жылғы 5 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 -ден кейін басталады және 29 наурызда  жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Талғар ауданы

Жарияланған күні

02 наурыз 2025

Жаңарту күні

02 наурыз 2025