2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Алматы облысының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы

2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Алматы облысының

ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» № 161/306 қаулысына сәйкес Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің саны:

Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша            150 (жүз елу) дана;

Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша   96 (тоқсан алты) дана;

Кеген ауданы Шырғанақ ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша 10 (он) дана болып белгіленсін.

  1. Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындауды қамтамасыз етіп, қабылдау-тапсыру актісі негізінде Іле, Еңбекшіқазақ, Кеген аудандарының аумақтық сайлау комиссияларына берілсін.
  2. Іле, Еңбекшіқазақ, Кеген аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары сайлау учаскелеріне дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін бөлуді және уақтылы беруді қамтамасыз етсін.

 

Төраға                                                                                    М. Айтова

 

Хатшы                                                                                  А. Канатова

10 ақпан 2025 жыл  №13

Жарияланған күні

11 ақпан 2025

Жаңарту күні

11 ақпан 2025

Қызмет бағыты