Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау туралы
Жарияланған күні: 05 ақпан 2025
Жаңарту күні: 05 ақпан 2025
Көру саны:4
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
мүшесін тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес және М.Б.Кабденовтың 2025 жылғы 04 ақпандағы өтінішінің негізінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін бос орынға Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссия мүшесі болып Максат Берикжанович Кабденов тағайындалсын.
- Осы қаулы Талғар ауданының мәслихатына және Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға М. Айтова
Хатшы А. Канатова
04 ақпан 2025 жыл №12