Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау туралы
Жарияланған күні: 22 қаңтар 2025
Жаңарту күні: 22 қаңтар 2025
Көру саны:6
Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
мүшесін тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес және З.К.Бошугулованың 2025 жылғы 5 қаңтардағы өтінішінің негізінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін бос орынға Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссия мүшесі болып Зинахан Киргизбаевна Бошугулова тағайындалсын.
- Осы қаулы Еңбекшіқазақ ауданының мәслихатына және Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға М. Айтова
Хатшы А. Канатова
5 қаңтар 2025 жыл №2