Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы
Жарияланған күні: 22 қаңтар 2025
Жаңарту күні: 22 қаңтар 2025
Көру саны:8
Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
мүшесін міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және А.Ш.Искакованың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2025 жылғы 5 қаңтардағы өтінішінің негізінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Айгуль Шыныкбаевна Искакова Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
- Осы қаулы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатына және Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға М. Айтова
Хатшы А. Канатова
05 қаңтар 2025 жыл №1