ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ НОРМАЛАРЫН МҮЛТІКСІЗ САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі У.С. Қалжанов облыстық дін істері басқармасының қызметкері Қ.С. Садуақасовпен бірлесіп Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің қызметкерлеріне Әдеп кодексінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, діни қызмет салаларындағы заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді.

          Кеңес барысында Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Жарияланған күні

21 қаңтар 2025

Жаңарту күні

21 қаңтар 2025