Құрметті Қазақстандықтар, Қадірлі Алматы облысының халқы!
Көру саны:5
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – еліміздің еркіндікке жету жолындағы жеңісі мен көп ғасырлық күресінің нәтижесі. Тәуелсіздік – халықтың қажырлы еңбегінің, төзімділігі мен батылдығының жемісі. Осы бір қастерлі күн еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің символы болып табылады.
Тәуелсіздік біздің басты байлығымыз, ал оның мәні – ел бірлігінде, татулығында, халықтың рухында. Осы орайда, еліміздің болашағын өркендету үшін бәріміздің ортақ күш-жігеріміз бен ынтымағымыз қажет.
Баршаңызға баянды болашақ, тыныштық пен бейбітшілік тілеймін! Тәуелсіз еліміз мәңгі жасай берсін!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиев
16 желтоқсан 2024
16 желтоқсан 2024