№ 3 және № 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Алматы облыстық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатарының орнына сайлауды тағайындау туралы

№ 3 және № 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Алматы облыстық мәслихатының  шығып қалған мәслихат депутатарының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

      1. № 3 және № 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Алматы облыстық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.

      2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан бастап 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Алматы облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

      4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

       Төраға                                                                                                              М. Айтова

 

       Хатшы                                                                                                             А. Канатова

 

 

 

Қонаев қаласы,

2024 жылғы 11 қазан

№ 46

Жарияланған күні

11 қазан 2024

Жаңарту күні

11 қазан 2024

Қызмет бағыты