Дүйсембінов Сұлтан Мырзабекұлы

1959 жылы 18 сәуірде Талдықорған облысы Гвардия ауданы Бостан ауылында дүниеге келді. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты – қазақ. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

1980 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын «құрылыс-инженері», 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін «экономист», 2019 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1980 жылы  Алматы қаласындағы «Казколхозспецстрой» тресі №2 жылжымалы механикаландырылған колоннасының шебері ретінде бастады. 1982 жылдың 27 ақпаннан бастап 10 қарашаға дейін  Алматы қаласындағы №1 құрылыс тресі №25 жылжымалы механикаландырылған колоннасының шебері болып жұмыс жасады.

1982-1991 жылдары аралығында Талдықорған ауданаралық сауда базасының құрылыс бригадасының прорабы, инженерлік-техникалық қызметі бойынша директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

1991-1996 жылдары аралығында Талдықорған қаласындағы «Қаблан» жан-жақты сауда-құрылыс кәсіпорнының директоры.

1996-1998 жылдары аралығында Талдықорған облыстық әкімшілігі жанындағы облыстық экономикалық келісімді реттеу қоры директорының орынбасары.

1998-2001 жылдары аралығында Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2001-2011 жылдары аралығында Ескелді ауданының әкімі.

2011-2015 жылдары аралығында Қаратал ауданының әкімі.

2015-2017 жылдары аралығында Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызмет атқарды.

2017 жылдың 05 сәуірінен Алматы облыстық мәслихатының хатшысы.

 

Жарияланған күні

29 шілде 2020

Жаңарту күні

29 шілде 2020

Қызмет бағыты