Атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

Есепті кезеңде шет мемлекеттердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды, соның ішінде:

- Германиядағы ҚР Елшісі Б. Нусуповтың бастамасымен Германия инвесторларымен (18.05.2019);

- облысқа «Сабантой-2019» (2019 жылғы мамыр) шарасына қатысуға келген Татарстан Республикасының делегациясымен;

- Loste Group ірі француз компаниясы - ет өңдеу мен Idemia Identity&Security France – «Қауіпсіз қала» жобасын таныстыруға келген делегацияға басшылық етуші Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэмен (3.10.2019);

- «Асар» спорттық-сауықтыру орталығында «Шөп тамырлары» жобасы бойынша Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Касаи Тацухикомен (04.11.19);

- «Қорғас» ШМЫХО-да белорус павильонын ашу рәсімінде Белорусия Премьер-Министрінің 1-орынбасары А. Г.Турчинмен, Белорусияның Төтенше және Өкілетті Елшісі А.И. Ничкасовпен (23.10.19);

- Нұр-Сұлтан қ. ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі өкілдігінің басшысы Ван Шулиньмен – туризм саласындағы бірлескен іс-шаралар өткізуді талқылау (16.09.2019);

- ҚР аумағында тай фильмі түсірілімін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру мақсатында Чонбури провинциясындағы (Паттайя қ.) ҚР Құрметті Консулы  Кампол Супорнсахатрангси басшылық еткен Тайланд делегациясымен (8-11.10.2019);

- сайлау бойынша ГФР, Қырғызстанның тәуелсіз байқаушыларымен және ШЫҰ өкілдерімен (3-11.06.2019).

Қазан айында бизнес және дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен «JETISY INVEST-2019» кәсіпкерлік, инвестициялар мен инновациялар халықаралық форумын өткіздік.

Сондай-ақ, облыс делегациясы келесі елдерге жұмыс сапарымен барды:

- өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейту және облысқа инвестициялар тарту мақсатында Сингапур Республикасына және Тайланд Корольдігіне (10-14.03.2019);

- ХШЖК-да «Қазақстанда жасалған» сауда-өнеркәсіп көрмесі – жәрмеңкеге қатысу үшін Мәскеуге  (2-8.09.2019);

- Қазақстан Республикасы мен Қырғыс Республикасы  Жоғары мемлекетаралық кеңесінің V отырысына қатысу үшін Қырғызстанға  (27.11.19);

- сайлау кезінде тәуелсіз байқаушылар ретінде облыстық мәслихат хатшысы мен облыс әкімі аппараты басшысы орынбасарының құрамында Беларусь Республикасына;

- бизнес форумға қатысу үшін кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы мен «Алматы облысының өңірлік даму орталығы» ЖШС директорының құрамында Нидерландқа  (2019 жылғы қараша).

 

Жарияланған күні

17 шілде 2020

Жаңарту күні

17 шілде 2020