Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2024 жылғы 31 наурызда Алматы облысының 4 сайлау округтарында болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 17 кандидаттан барлығы 1 кандидатты жеке өтініші негізінде тіркелгенге дейін алып тастады, 14 кандидатты тіркеді, 2 кандидатқа құжаттардың толық топтамасын ұсынбағандықтан, тіркеуден бас тартылды.

Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 астам кандидатты құрайды.

Тіркелген 14  кандидаттың 5 саяси партиялар, 9 өзін-өзі ұсынған. Оның 12 ер адам, 2 әйел адам. Кандидаттар арасында 4 этнос өкілдері бар.

9 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 5  партияға тиесілігін көрсетпеген.

Орташа жас - 48.

12 кандидаттың жоғары білімі, 1 – орта кәсіптік білімі және 1 – орта білімі бар.

Кандидаттардың 5 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 7 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері, 1 - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.

Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 30 наурызда  00.00 сағатқа дейін созылады.

Сілтемелер:

1.Қарасай ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-karasay/documents/details/622495?lang=kk&parentId=12264

  1. Талғар ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-talgar/documents/details/622508?lang=kk

  1. Қонаев қаласы

https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/documents/details/622641?lang=kk&parentId=40776

  1. Жамбыл ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zhambyl/activities/40907?lang=kk

 

Жарияланған күні

06 наурыз 2024

Жаңарту күні

06 наурыз 2024