Алматы облыстық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 13 шілдедегі № 159 қаулысы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Серікжан Ислямұлы Бескемпіровты тіркеуден шығару туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 73-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Бескемпіров Серікжан Ислямұлының қайтыс болуына байланысты Алматы облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Бескемпіров Серікжан Ислямұлы тіркеуден шығарылсын.
  2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жіберілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облыстық сайлау комиссиясының хатшысы З.Р.Интенгеновке жүктелсін.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы   Т.Даутов

Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы   З.Интенгенов

 

Жарияланған күні

14 шілде 2020

Жаңарту күні

14 шілде 2020

Қызмет бағыты