2024 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерді сайлауда әкім болуға кандидаттың облыстық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы
Көру саны:20
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына және сайлаушылар санына байланысты үгіт жүргізу үшін әкім болуға кандидаттың шығыстарын қаржыландыру кезінде сараланған тәсілді қолдануға сәйкес Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттың облыстық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшері осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
Кандидаттар баспа және/немесе желілік басылымдардағы, теле-, радиоарналардағы жарияланымдардың көлемін өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен сөйлеу үшін мемлекет бөлген қаражат шеңберінде дербес қайта бөледі.
-
Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
-
Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Төраға М. Айтова
Хатшы А. Канатова
Қонаев қаласы,
19 қаңтар 2024 жыл
№ 8
26 ақпан 2024
26 ақпан 2024