Алматы облыстық мәслихат депутатын сайлау жөніндегі №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық  заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және  Ә.Батырханқызының міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2024 жылғы 15 қаңтардағы өтінішінің негізінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Әсел Батырханқызы Алматы облыстық мәслихат депутатын сайлау жөніндегі №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен босатылсын.

  2. Осы қаулы Алматы облыстық мәслихатына және Алматы облыстық мәслихат депутатын сайлау жөніндегі №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясына жіберілсін.

 

      Төраға                                                                                        М. Айтова

 

     Хатшы                                                                                        А. Канатова

 

 

 

Қонаев қаласы,

19 қаңтар 2024 жыл

№ 7

Жарияланған күні

26 ақпан 2024

Жаңарту күні

26 ақпан 2024

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты