Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау туралы
Көру саны:13
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес және А.И.Жанахметованың 2024 жылғы 19 қаңтардағы өтінішінің негізінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін бос орынға Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссия мүшесі болып Алима Ибрайевна Жанахметова тағайындалсын.
-
Осы қаулы Райымбек аудандық мәслихатына және Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға М. Айтова
Хатшы А. Канатова
Қонаев қаласы, 19 қаңтар 2024 жыл, № 5
26 ақпан 2024
26 ақпан 2024