2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша анықтама

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыс экономикасының негізгі салаларында өсім қамтамасыз етілді.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 108,8% құрады.

Өнеркәсіпте өңдеу секторының (113,1%), электр-, газбен жабдықтаудың (115,9%) және сумен жабдықтаудың (105,1%) ұлғаюы есебінен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% өсіммен 855,0 млрд.теңгеге өнім өндірілді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 213,4 млрд. теңгеге жетті, нақты көлем индексі – 100,9%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 93,0 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі – 100,4%.

Тұрғын үй пайдалануға 539,9 мың шаршы метр берілді немесе  2022 жылғы деңгейден 12%-ға ұлғайды.

Облыс экономикасына 267,0 млрд. теңге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі – 119,4%.

Сауда көлемі 18,1% өсіммен 608,6 млрд. теңгені құрады.

Байланыс қызметтерінің көлемі 7,1 млрд. теңгеге жетті, нақты көлем индексі – 116,3%.

Экономиканың барлық салаларында 29,8 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары – 20,7 мың.

 

Жарияланған күні

20 шілде 2023

Жаңарту күні

20 шілде 2023

Жарияланымның авторы