"Фокус топ" әдісімен әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізілді

Жарияланған күні: 10 наурыз 2023
Жаңарту күні: 10 наурыз 2023
Көру саны:31
10 наурызда ҚР ҚАЖД Заречное ауылы ЛА-155/12 түзеу мекемесінде Басқарма және мекеменің штаттық теологтарымен бірлесіп, "фокус топ" әдісімен әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеуге діни экстремизм үшін жазасын өтеп жатқан сотталғандар қатысты.
Зерттеу халықтың маргиналды топтары арасында діни экстремизмнің таралу себептерін талдауға, тұтқындардың діндарлық деңгейін талдауға және жүргізілген оңалту жұмыстарының тиімділігін бағалауға бағытталған.
Зерттеу нәтижелері қоғамда діни экстремизмнің таралуына қарсы тұруға бағытталған жұмыстарды одан әрі арттыру үшін қолданылатын болады.
Жарияланған күні
10 наурыз 2023
Жаңарту күні
10 наурыз 2023
Жарияланымның авторы
Түрі
Қызмет бағыты