CӨСҚ бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстар турлаы ақпарат
Көру саны:14
Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттандыруды арттыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылды.
-
Аурудық алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша соның ішінде Дүниежүзілік, Халықаралық, Ұлттық күндер, окүндіктер мен айлықтар шеңберінде 19 012 адамды қамти отырып, 457 іс-шара (вебинар/конференция, семинар-тренинг, спорттық шаралар) ұйымдастырылып, өткізілді.
-
«Жұқпалы аурулардың алдын алу» (ЖРВИ, жіті ішек жұқпаларының алдын алу, вакцинация) – 88 600 дана, «Жұқпалы емес аурулардың алдын алу» (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және қан-тамыр жүйесі ауруларының алдын алу) – 42 150 дана, «Мінез-құлық қауіп-қатер факторларының алдын алу» (электронды темекі, нашақорлықтың алдын алу) – 42 150 дана, «Дене белсенділігі және дұрыс тамақтануды насихаттау» - 42 150 дана, «Ұрпақты болу денсаулығын қорғау» (босануға даярлау, ұрпақты болу денсаулығын қорғау) – 42 150 дана, «Жарақаттанудың алдын алу» (жарақаттанудың алдын алу, жол-көлік оқиғасы) – 42 150 дана, «Психикалық денсаулық» - 42 150 дана, барлығы 341 500 дана ақпараттық-білім беру материалдарының (буклеттер, үнпарақтар) данасы тираждалды.
-
Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша 20 баннер жасалып, 17 аудан мен 3 қалада орналастырылды. Талдықорған қаласы, Назарбаев/Біржан Сал көшесінде орналасқан ЛЭД экран арқылы «Жұқпалы аурулардың алдын алу», «Жүрек қан-тамыр ауруларының алдын алу», «Мінез-құлық қауіп-қатер факторларының алдын алу», «Ұрпақты болу денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау», «Стресстің алдын алу» тақырыптары бойынша бейне роликтер көрсетілді.
-
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu?lang=ru; http://zdrav.zhetysu.gov.kz; http://healthlife.kz/ веб-сайттарда, https://www.facebook.com/profile.php?id=100011727999712; https://www.instagram.com/Almoblzozh/ әлеуметтік желілерде: «Жұқпалы аурулардың алдын алу», «Жұқпалы емес аурулардың алдын алу», «Мінез-құлық қауіп-қатер факторларының алдын алу», «Дене белсенділігі және дұрыс тамақтануды насихаттау», «Ұрпақты болу денсаулығын қорғау», «Жарақаттанудың алдын алу», «Психикалық денсаулық» бойынша барлығы 638 ақпарат жарияланды.
-
Облыстың 17 ауданы мен 3 қаласында МСАК деңгейінде СӨСҚ қызметіне талдау жүзгізілді.
09 қаңтар 2023
09 қаңтар 2023