Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат туралы

Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясына

 Ғ. Қ.Тоқпеисовтен  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына өзін-өзі ұсыну жөнінде құжаттары келіп түсті

2022 жылғы 29 қарашада облыстық аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 71-бабына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына сәйкес Ғалым Қасымұлы Тоқпеисовтен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына өзін-өзі ұсыну жөнінде келесі құжаттары тапсырылды:

  1. Ғ.Қ.Тоқпеисовтың Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына  кандидат  болып  дауысқа  түсуге  ниет білдірген өтініші;

  1. Өмірбаяндық деректері;

  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  3. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі;

  4. Еңбек қызметін растайтын құжат үзінділері.

 

Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы